Аяқтың жағымсыз иісін ас содасы кетіреді

0
8 253


Аяқтың жағымсыз иісін ас содасы кетіреді

Орыс жазушысы Антон Чеховтың мынадай бір сөзі бар. «Адамда бәрі ғажап болуы керек: Бет-әлбеті, киімі, жаны, ойы...». Ал, мұның бірі жетіспесе, толыққанды сұлулық емес. Сұлулықтың символы болған қыздарға бұл статусты ұстап тұру әсте оңай емес. Бірақ дамыған заманда сұлу көріну оп-оңай. Ол үшін қыздарға аздаған қулық жетіп жатыр.

Шашыңыздан жұпар иіс шығып тұрсын десеңіз, тараққа иіссу сеуіп қойыңыз. Бірақ шаштың өзіне себуге болмайтынын біліңіз.

Қазіргі таңда бетке жағатын кремдердің түрі көп. Олардың бірі сіздің теріңізге ұнаса, кейбірі керісінше әсер етіп жатады. Мысалы бетіңізді қатырып тастайтын кремдерге аз мөлшерде алманың сірке суын араластырып қойыңыз. Бұл сіздің бетіңізді жұмсартады.

Бетіңізге жағатын хайлайтердің орнына қарапайым ерінге арналған бальзамдарды қолдануға болады екен.


Кірпігіңізді ұзарту үшін лаванда өсімдігінің майы көмектеседі. Бұл май кейбір сүрмелердің де құрамында болады. Сондықтан кірпікке жағатын сүрмені мұқият таңдаңыз және лаванда майы қосылғанын алыңыз.

Енді тырнағыңызға жаққан бояудың кебуін күтіп жүрудің қажеті жоқ. Лак жағып болған соң 3 минут салқын суға салып отырсаңыз жетеді.

Кейбір қыздардың беттеріндегі ұсақ тамырлар қызарып тұрады. Мұны кетірудің ең оңай жолы- асперинмен жуу. Алдымен бұл дәрілік таблеткаларды ұсақтап, суға езіп алу керек. Содан кейін бетке жағып 5 минут өткен соң жуып тастайсыз.


Замш аяқ киімдердің дағын кетіруге тырнақ егейтін таяқшаларды қолдану болады екен.

Аяқ киімнің жағымсыз иісі ешкімге ұнамайтыны рас. Оны кетірудің ең қарапайым әдісі ас содасын аяқ киімнің ішіне сеуіп, түннен азанға қалдыру керек.

Фото ашы дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ