Тырнақтың ішке қарай өсіп, етті ауыртуы (көбіне аяқтың үлкен башпайында) жиі кездеседі.
фото: joom.com
Тырнақтың бұлай өсуі әртүрлі себептерден болуы мүмкін, тар аяқ киімді ұзақ уақыт бойы киіп жүру немесе биік өкшелі аяқ киімдер де башпайдың алға қарай жылжып, аяқ киімге тірелгеннен тырнақтың өсуі бұзылады. Сондықтан, жайлы аяқ кимі киіңіз.
Мынадай қауіпсіз қадамдар жасап көруге болады:
Үй жағдайында не істеуге болады?
Жылы, тұзды суға салу
Күніне 2-3 рет 15-20 минут бойы аяқты тұзды, жылы суға салып отыру керек. Бұл ісікті азайтып, ауырсынуды жеңілдетеді.
Аяқты құрғақ және таза ұстау
Суға салғаннан кейін жақсылап құрғатыңыз.
Тырнақ шетін сәл көтеру
Жұмсарған соң, тырнақ пен еттің арасына таза дәке немесе мақтаның өте кішкентай бөлігін абайлап қойыңыз, бл аз да болса ауырсынуды азайтып, тырнақтың етке кіріп кетпеуіне көмектеседі. Күнде ауыстырыңыз.
Антисептик жағу
Хлоргексидин, мирамистин сияқты ерітіндімен өңдеуге болады.
Кең аяқ киім кию
Тар, қысып тұратын аяқ киім ауырсынуды күшейтеді.
Тырнақты дұрыс алу
Алдағы уақытта тырнақты түзу етіп, бұрыштарын терең алмай қию керек.
НЕ істеуге болмайды?
- Тырнақты өз бетіңізше терең кесіп, қазбалауға
- Инемен, пышақпен ашуға
- Қатты ауырып, ірің болса да жүре беруге
Міндетті түрде дәрігерге көріну керек, егер:
- Қызару, ісіну күшейсе
- Іріңдесе, жағымсыз иіс шықса
- Ауырсыну басылмаса
- Дене қызуы көтерілсе
Сізде қант диабеті немесе қан айналымы проблемасы болса, хирург немесе подолог қажет болса, тырнақтың бір бөлігін қауіпсіз алып, қайта өспеуіне ем жасайды.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:


