Жазда қандай түстер трендте болады? Нені киіп, қандай киімге жоламағаныңыз дұрыс?
фото: ашық дереккөзден
Жаздың ең үздік сәндік топтамасынан хабарыңыз бар ма? Кіріп келеген жаз маусымың сән әлемінде сіз бен бізге деген тосынсыйы аз емес. Денеге қонымды көйлектер мен жүріп-тұруға ыңғайланған костюм-шалбарлар, тіпті, баратын орныңыздың маңыздылығына байланысты да киімдер топтамасы назарыңызда болады. Қарап, бағамдап, бағасын беріңіз. Жаңарған қоғамда, дамыған заманда өз стиліңіз бен образыңызды өзгертуден қорықпаңыз. Жаңа әлем, сізге тың жаңалықтармен қуантары сөзсіз.
Жаздың жаңалығы – мейлінше жабық көйлектер
Отырған орыныңыз бен барар жеріңіздің кереметіне кенелгіңіз келсе, ашық түстегі көйлектерді көзден таса қылмаңыз. Ұзындағында шек болмайтын бұл трендтегі көйлектердің көбіне жеңі ұзын және кеуде тұсы жабықтау келеді.
Жаздық нымша мен пиджак
Жеңіл пиджактар жазда үлкен рөл атқарады. Кешкі салқындықты сездірмейді, сондай-ақ, сәнді көрсетеді. Ең бастысы, ақшыл түсті тонға түрлі-түсті өрнектермен безендірілсе сәнді көрінеді. Ал, нымшаның жарқырап тұратын ашық түстерін "қалайды" биылғы жаз.
Жеңіл жейделер - басты назарда
Кез келген белдемше мен қысқа шалбарлар, сондай-ақ, джинсы шалбарлардың сәнін кіргізетін жеңіл жейделер. Жиектері торлы өрнектермен безендірілген ашық иықты жейделер - сәннің көш басында. Әсіресе, ашық түстілері көптің көңілінен шығары даусыз.
Сәнді жаздық образ: ДЖИНСЫ
Бұл киімнің үлгісі жылдың қай маусымында болмасын сәннен қалған емес. Тек, дене бітіміңізге лайықтысын таңдағаныңыз дұрыс. Сонымен бірге, басқа да бұйымдарыңызбен сәйкестендіре кисеңіз жөн болғаны. Жаздық джинсыларды жеңсіз жейделермен кию - биылғының тренді. Оған қоса үлкен, ауқымды жазулармен безендірілген ақ түсті футболкалар сәніңізді аша түседі.
Белдемшенің қандай түрі трендте?
Биылғы жаздың тартымдылығы - плиссе стиліндегі торланған белдемшелер. Оның жоғарғы жағы белдің тұсынан келсе, ұзындығы тізеден едәуір түсіп тұрғаны дұрыс.Оның үстінен мойыны ашық жейделер қонымды болады. Ал, аяғыңызға биік тақалы аяқкиім болса, соған сәйкес қолыңызға кіші көлемдегі сөмкені ұстап алыңыз.
«МАСТ ХЭВ» стиліндегі шолақ шалбарлар
Аталмыш стиль кез-келген жаздың сәнінде кездеседі. Өте ыңғайлы, әрі әдемі. Әсіресе бір түсті костюммен үйлестіре білсеңіз тіпті керемет. Образдың бұл түрімен серуендеуге және өзара достармен басқосуларға да киіп барсаңыз болады.
Етегі ұзын көйлектер
2019 жылдың тренді саналатын ұзын көйлектер кез-келген нәзік жандыны, одан сайын сұлуландыра түсетіні анық. Етек-жеңі ұзын болғанымен, тізеден жоғарысына дейін арнайы жырығы болуы маңызды. Жиегі жалпақтау келетін жаздық бас киіммен тамаша үйлесім табады.
Шомылу науқанына таптырмайтын образ
Биылғы жылы сәнгерлер шомылуға арналған киімдерге емес, сыртқы жаулығына аса мән берген жөн деп санайды. Жеңі ұзын, етегі тобыққа дейін түсетін жапқыштар трендте. Ал, шомылуға арналған киімдердің түстері - сары және ал қызыл болып келді. Сондай-ақ ешқашан сәннің төрін бермейтін ақ және қара түстерді таңдасаңыз да қателеспейсіз.
Жаздық классика
Көбіне офиске арналған киімнің бүл үлгісі өткен жылы да сәнде болған. Түсін таңдарда қателеспеңіз! Білікті сәнгерлер ашық көк пен ашық жасыл түсті классикалық киімдерді киюді жөн санамайды.
Сәннен қалмаймын десеңіз, биылғы жылы гардеробыңызды шілтерлі киімдер мен торлы жейделерге толықтырып қойыңыз. Сондай-ақ, толқынды бұршақ көйлектер мен жолақты маталардан жасалған бұйымдарды кисеңіз де керемет болады.
Сәнді аксессуарлар мен сөмке, көзілдіріктеріңізді де жаңартып алыңыз.
Адам көркі-шүберек екенін ескере келе, айтылған кеңеске құлақ түрсеңіз, ортаңыздың сәнбикесіне айналарыңыз сөзсіз. Айта кететін маңызды ақпарат, 2019 жылдың жаз маусымында күлгін, алқызыл, жасыл және лимон тәрізді түстер сәнде.
Дайындаған: Г.Әмірәлі
Тағы оқыңыз: