​Бұл ДӘРУМЕНДЕР жасартады

0
379

Тері үшін ең қажетті дәрумендер: С,Е,А.


​Бұл ДӘРУМЕНДЕР жасартады

фото: za.pinterest.com

Ағзаға дәрумендер мен пайдалы минералдардың, судың жетіспеушілігінің әсерінен тек қана бетіңіз емес, қол-аяғыңыз, тіпті бүкіл денеңіздің терісі құрғап, түлейді. Бұл мәселені болдырмас үшін ағза қажетті дәрумендерге толы болуы керек. Тері үшін ең қажетті дәрумендер: С,Е,А.

Бұлар антиоксидант болғандықтан, терінің ерте қартаюының алдын алады. Коллагеннің бөлінуін реттеп, теріге табиғи, сау өң береді. Сондықтан, косметикалық өнімдердің құрамында дәл осы дәрумендердің болуына мән беріңіз.


Зат алмасу

Суық мезгілде «ұйықтап» жатқан ағзаны оятып, қан айналым мен зат алмасу процестерін жүргізу маңызды. Оған көмектесу үшін уқалау (массаж) маңызды. Егер мүмкіндігіңіз болып жатса, массаж курстарын қабылдаңыз.


Тамақтану

Адамның негізгі қуат көздері тамақтану. Сондықтан, ағзаны дәруменге бай тағамдармен толықтырыңыз. Жаз мезгілі жақындағаннан жеміс-жидектер мен көкөністер пісе бастайды. Осы сәтті пайдаланып қалыңыз.

Сонымен қатар, балық, теңіз өнімдері мен құс еті, жаңғақтың түрлері, жұмыртқа, үй жағдайында жасалған сүт өнімдерін көбірек тұтыныңыз.

Күн сайын біркелкі тамақтанудан жалығасыз, сондықтан, осы өнімдерді түрлендіріп отырыңыз.


Беттің барлық түріне жарайтын жаздық маскалар


фото: vk.com

Сәбіз

Сәбіз маскасы бетті ылғалдандырып, нәрлендіреді. Көбінесе бұл масканы бет терісі құрғақ болса қолданған дұрыс. Ол үшін орташа көлемдегі сәбізді қабығынан тазартып, үккіштің ұсақ көзінен өткізіп алыңыз. Оған 1 дана жұмыртқаның сарыуызын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге жағып, 20-25 минуттан соң, жылы сумен жуып тастау керек.


фото: Pinterest


Қызанақ

Қызанақтан маска жасамас бұрын аллергиялық сынамадан өткізіп алыңыз. Алдын ала білектің ішкі бөлігіне қызанақтың аз бөлігін жағып көріңіз. Егер бірнеше уақыттан соң теріңіз қышып, қызарып немесе басқа да жағымсыз реакция туғызбаса, онда бұл масканы қолдана беруіңізге болады.

Ол үшін кішірек 1 дана қызанаққажарты шай қасық кез келген крахмал және өсімдік майы немесе зәйтүн майын қосып жақсылап араластырып алыңыз. Қоймалжың тәріздес масканы бетіңізге жұқа етіп жағып шығыңыз. 10-15 минуттан соң, бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз.


Картоп

Беттің өңін жақсартып, ұсақ әжімдерді жоюшы эффектін беретін маска болып саналады. Ол үшін орташа көлемдегі 1 дана картоп қажет. Қабығын аршымай, сыртын жуып, суғапісіресіз. Картоп піскен соң, оның қабығынан тазартып, езіп (пюре), оған 2 ас қасық сүт пен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосыңыз. Жақсылап араластырып алған соң, суып қалса су ваннасында ысытып алу керек. Масканы жылы қалпында бетіңізге жағып, 20 минуттан кейін алдымен ыстық, соңынан салқын сумен жуыңыз.

Дайындаған: Гүльвира Жорабекқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Терінің ҚҰРҒАУы мен ДАҚ түсудің алдын алуға болады


Аяқтан шығатын жағымсыз иістен БІРЖОЛА ҚҰТЫЛУҒА болады