​ГИДРОФИЛЬДІ МАЙдың қандай пайдасы бар?

0
2 903

Маймен бетті тазартуға көзқарасыңыз қалай?


​ГИДРОФИЛЬДІ МАЙдың қандай пайдасы бар?

Гидрофильді май-табиғи майлар мен эмульгатордың қоспасы болып табылатын табиғи өнім. Екінші компонент өнімнің сумен жақсы жуылуы үшін қажет. Бұл өнімге бактерияға қарсы компоненттер, тіпті скраб бөлшектері қосылады.


Гидрофильді майды қолданудың артықшылықтары:

Гидрофильді май 1967 жылы Жапонияда пайда болған. Бұл өнім терідегі кірді мұқият жою үшін жұмсақ эмульсия түрінде болады. Майдың артықшылықтары:

1. Барлық тері түрлеріне жарамды. Бет терісі майлы көптеген әйелдер гидрофильді маймен бет жууға аса сеніңкіремеуі мүмкін. Себебі, майлы теріні маймен тазарту ақылға қонымсыз көрінуі де жасырын емес. Шын мәнінде, майлы негіз тері тесігінен артық липидті кластерлерді шығарады. Құрал суды құрғақ эпидермисте сақтайды.

2. Кез-келген кірді кетіруге өте жақсы көмектеседі. Бұл кәсіби макияжға да қатысты. Майды қолданған жағдайда агрессивті заттарды қолдана отырып, бетіңізді ысқылаудың қажеті жоқ. Бұл косметика мен қоспалардың бөлшектерін ыдырататын керемет органикалық еріткіш.

3. Аллергия тудырмайды. Дұрыс таңдалған композицияның арқасында өнім тіпті сезімтал бетке де жарайды. Мұндай теріге арналған жағдайда оған негізгі және аз мөлшерде эфир майлары қосылады.

4. Пайдалану оңай. Өнімді ылғалды бетке жағып, уқалау жеткілікті. Мақта жастықшалары мен арнайы щеткаларды қолданудың қажеті жоқ. Майлы негіз барлық кір мен сәндік косметиканы тез ерітеді.

5. Оның бейтарап рН деңгейі бар. Өнімнің құрамында қышқылдар мен сілтілер жоқ, Соның арқасында эпидермистің қабаттарынан ылғал шығарылмайды.

6. Теріні құрғатпайды. Көптеген жуғыш заттардан айырмашылығы, гидрофильді май құрамында антибиотиктер, саз және қатты заттар жоқ. Тиісінше, қолданғаннан кейін тері қатаймайды.

фото: irecommend.ru

Қарсы көрсетілімдері:

Гидрофильді май өнімінің қарсы көрсетілімдері жоқ деуге болмайды. Дегенмен, бұл көрсеткіш өте аз кездеседі. Өнімнің құрамындағы жеке компоненттерде теріге қарсы көрсетілімдері бар болуы ықтимал.

* Кастор майы. Өнімнің бұл компоненті теріден тез жойылмайды. Сондықтан, құрамында кастор майы бар гидрофильді майды таңдарда мұқият болыңыз. Егер сізде майлы тері болса, осы компоненттің ең аз мөлшерімен бет жууға арналған өнімдерді алыңыз.

* Эфир майлары. Кейбір әйелдердің эфир майларына аллергиясы бар болуы мүмкін. Сондықтан, гидрофильді майды таңдау кезінде теріңізге сынама жүргізіп көріңіз. Осылайша сіз қандай компонентке аллергияңыз бар екенін түсінесіз.

* Салицил қышқылы. Шынында салицил қышқылы безеулермен жақсы күреседі және қабынуды жояды. Бірақ бұл қоспамен жасалған гидрофильді маймен көзді жууға болмайды. Тиісінше, қабақтағы косметиканы кетіру үшін сізге басқа өнімді табуға тура келеді.

* Зәйтүн майы. Бұл компонент майлы теріге ие адамдар үшін негіз ретінде пайдаланылмауы керек. Зәйтүн негізі жақсы жуылмайды, майлы жылтыр қалдырады.

Өз теріңізге сай гидрофильді майды таңдай алсаңыз, сізге ешқандай зияны жоқ.


Гидрофильді майды таңдау ерекшеліктері

1. Laneige ұсынған терең тазарту майы. Бұл заттың құрамында жасыл шай сығындысы бар, сондықтан сұйықтықты бөртпелер мен қабынуға бейім теріге күтім жасау үшін қолдануға болады.

2. Apple Juicy Cleansing Oil. Өнімнің құрамында BM-ден басқа жасыл алма сығындысы, С дәрумені және минералдар бар. Осы компоненттердің арқасында сұйықтық тері қабатын нәрлендіреді және қартаюды тежейді, терідегі дақтарды жояды.

3. Hyaluronic Acid Moisturizing Cleansing Oil. Құрғақ және сезімтал теріге арналған гидрофильді май. BM-ден басқа өнімнің негізгі компоненті-гиалурон қышқылы. Ол қабыршақтануды жояды және жасушалардағы ылғалды сақтайды.

4. Olive Real Cleansing Oil. Бұл ашытылған зәйтүннен жасалған BM негізіндегі құрал. Осының арқасында өнім құрғақ теріні жақсы нәрлендіреді. Майлы тері үшін қолдануға болмайды, өйткені зәйтүн сығындысы өте нашар жуылады және майлы жылтыр қалдыруы мүмкін.

5. Tony Moly Clean Dew Lemon Seed Cleansing Oil. Майлы тері үшін өте қолайлы. Өнімнің құрамында құрғақ лимон қабығы мен цитрус тұқымының майы бар. Бетке жағылған кезде сұйықтық майды ақырын кетіреді, ал лимон майдың бөлінуін қалыпқа келтіреді. Қабық өлі терілерден арылтуға қызмет етеді.

6. Shu Uemura Cleansing Beauty Oil Premium A/O Advanced Formula. Жасыл шай мен гинкго ноталары бар өнім. Қартаюға қарсы және тозған теріге арналған.

Өз қолыңызбен гидрофильді майды қалай жасауға болады?

Ол үшін жүзім дәні, жожоба және бадам майларын тең пропорцияда (1 шай қасықтан) араластырыңыз. Бұл майлы қоспаға бидай дәнінің майын құйыңыз.

Өнімді сумен шаюды жақсарту үшін дәріханаларда сатылатын эмульгатор 80 полисорбатының бір бөлігін майлы сұйықтыққа қосыңыз. Теріңіздің сезімталдығы жоқ болса, өзіңіздің сүйікті эфир майының бірнеше тамшысын тамызыңыз. Егер хош иісті ұнатпасаңыз, қоспасаңыз да болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қыста шашқа дұрыс күтім жасау МАҢЫЗДЫ

МОЙНЫМ әдемі болсын десеңіз