​ҚАНДАЙ адамдар ҚАРТАЙМАЙДЫ - мұны күніне 10 минут жасаса жеткілікті

0
5 714

Бұлшықеттерін шынықтыру, қан айналымын жақсартудың сіз үшін ең тиімді жаттығуын жасап тұрсаңыз, қартаймайсыз.


​ҚАНДАЙ адамдар ҚАРТАЙМАЙДЫ - мұны күніне 10 минут жасаса жеткілікті

Әрдайым күліп жүру, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы имунитетті асырып, өмірді ұзартады.


Медицина мамандарының айтуынша, көтеріңкі көңіл-күй, күлкі - көптеген аурулардың алдын алады. Әбу Әли Ибн Синаның «науқас адам күлсе 100 пайыз дені сау адамның жағдайында болады!» деген сөзі бар. Ғалымдар күлкі терапиясын енгізуге атсалысып, оның ұшан-теңіз пайдасын амалға асыруға кіріскен. Оны үйрену үшін арнайы ізденіс үстінде де болған. Бұл ғылымды - гелатология деп атады.


Бір жыл уақыт ішінде күн сайын 10 минут шынайы күле алсаңыз...

...Өміріңізді тағы да бір жылға ұзарта алатыныңызға кепілдік те береді. Мұның себебі, адам күлген кезде бет бұлшықеттерінің 80-нен артық бөлшектері қимыл-қозғалысқа түсіп, «тіршілік» жандана түседі. Сондықтан, күлкіні қартаюға қарсы ең керемет құрал деп атауға толықтай негіз бар.

Бет бұлшықеттерін шынықтыру, қан айналымын жақсартудың сіз үшін ең тиімді жаттығуы күлкі арқылы іске асады.

Бұл «көп күлу - әжімдерді көбейтеді» деген пікірдің жаңсақтығын растайды. Күлкі арқылы адам өз жасынан әлдеқайда жас көрінуге жетуіне болады.

Күлкінің адам өміріндегі маңызы, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, бақыт гармонының бөлінуі, адамның сыртқы көрінісінің әдемілігіне ғана емес, ағзаның саулығына да септігін тигізеді. Мысалы, гарвардтық профессорлардың зерттеулері бойынша үнемі күліп жүру бізді суықтаудан сақтауды, аурудың адамға нашар әсер етуін 50 пайызға дейін азайтуды анықтады. Себебі, адам күлгенде тек қана бет бұлшықеттері ғана емес, өкпедегі қанайналым да жақсара түседі.


Бұдан бөлек, күлкі - бронхит, астма сияқты ауруларды жеңуге жәрдем береді.


Адам күлген кезде ауаның өзі жоғары дәрежелі профилактика саналады.

Егер сіз көп күлетін болсаңыз, осы арқылы да артық салмақтан арылуға болатындығын есте сақтаңыз. Бәлкім, біреу білер, біреу білмес, күн сайын бар-жоғы 15 минут көлемінде күле алатын болсаңыз, ай сайын 2 кг артық салмақтан арыла аласыз.


Егер сіз күні бойы, күн сайын 15 минут қана күле алсаңыз, дене тәрбиесінің орнын басқан боласыз. Яғни, сіз осы 15 минуттық күлкі арқылы физиологиялық саулығыңызды сақтап, жаттығу жасаудың орнын алмастыра аласыз.

Бірақ, соған қарамастан, ұдайы күле беру де мүмкін емес. Себебі, адамның организмі көп дегенде, бір сағат күлкіге ғана шыдай алады.

Бұдан бөлек, күлкі адамдармен қарым-қатынас орнатудың ең әсерлі құралы. Күлкінің көмегімен біз өз-өзімізді қорғаймыз, өмір сүруді де жеңілдетеміз. Күлу арқылы адамдармен сұхбаттасу барысында өзімізге деген адамдардың мейірімін оятамыз, адамдармен қарым-қатынасымызды да реттейміз.

Франциялық дәрігер Феликс Бремон күлкіні подагра мен бауыр ауруларын емдеуде тиімді жолды көрсетеді деп есептейді. Норвегиялық профессор Карла Рудалияның зерттеулеріне сүйенсек, күлкі өкпе қабынуын болдырмайды, шынықтырады. Желке бұлшықеттерін тыныштандырады, жалпы алғанда күлкі тек қана көтеріңкі көңіл-күй сылап қана қоймай, ағзамыздың саулығы үшін үздіксіз жұмыс істейді.

(иллюстрациялық суреттер ашық дереккөздерден)

Шындығында, күлкі - өмір сүрудің ең негізгі бөлшегі. Сондықтан болар, Америкада әзіл-оспақ терапевтік үйірмелері жолға қойылған.

Неврапатолог Барри Битман психонейроиммунологияның (адамның иммунитетін арттыруға әсер етуші, үйретуші сала) негізін салушылардың бірі. Ол күлкі терапиясы организмнің иммундық функцияларын шынықтыруға жәрдем береді деп есептейді.

Бір жағынан, күлкі ауыр науқастарға қарсы табиғи қорғаныс құралы саналады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Көзіңіз ісіп тұрса ШАЙ мен КАРТОП көмектеседі


Денеден шығатын ТЕРДІҢ ИІСІН кетіруге арналған 6 әдіс