ҚИСЫҚ аяқты жасыру керек болса... Бізден БЕС кеңес

0
7 736

Аяғыңыздың қисықтығынан ұялып жүрсеңіз, оны жасырып бағудың түрлі жолдары бар.


ҚИСЫҚ аяқты жасыру керек болса... Бізден БЕС кеңес

Кез-келген ару мүсінінің мінсіз болғанын қалайды. Түзу аяқ, қыпша бел - кез-келген ортада өзіңе деген сенімділікті арттырып, бойыңа ерік-жігер берері сөзсіз. Аяғыңыздың қисықтығынан қысылатын болсаңыз біз ұсынған кеңестерге қаперіңізде сақтаңыз.


Дене сымбатыңызды сырт көзге керемет етіп көрсету, бұл сіздің күніңіздің сәтті өтуін ерекше әсер етері анық.


1. Шалбар таңдауда аса мән беріңіз

Көбіне аяғында міні бар қыздар күнделікті киімдерінің барлығы шалбар болып келеді. Дегенмен оны таңдаудың да жөні бар. Клеш стилі тап сіздің аяғыңызға арналған. Егер аяғыңыз қысқа болса онда, белі көтеріңкі, балағы кең шалбарларды көбірек таңдауға тырысыңыз.Бір жолағы бар классикалық шалбар сіздің гардеробыңызда міндетті түрде болуы керек. Жолақтың аяқ түзулігін келтіріп тұратын қасиеті бар.



2. "Аяқ қисық болса, белдемше мен көйлектер киюге болмайды" деу - қате пікір

Қаласаңыз кез-келген белдемшені аяқтың қисықтығына қарамай киюге болады. Тек, үйлесімділікті ұстансаңыз болғаны. Адамның мүсіні түрлі болып келетінін ескерген сәнгерлер, аяғының қисықтығынан ұялатын қыздарды да ұмытпаған. Жырығы бар белдемше мен көйлектерден аулақ болыңыз. Максималды ұзын көйлектер - сіздің кемшілігіңізді жасырудың бірден-бір жолы.



3. Аяқкиімнің қандай түрін таңдау керек?

Қысқа көйлектер киюді жаныңыз қатты қалап тұрған болса аяқкиіміңізді таңдауда қателік жібермегеніңіз жөн. Биік өкшелі аяқкиім қисық аяғыңызды одан сайын ерекшелеп тұрады. Барынша қысқа өкшелі аяқкиімдерді таңдағаныңыз абзал. Тізеден жоғары қонышы бар етіктер сіздің аяғыңызды қалыпты көрсетеді.

Картинки по запросу что носить с кривыми ногами


4. "Калготкиді" дұрыс таңдау да сенімділігіңізді арттырады

Аяғы қисық қыздар біртүсті "калготкиге" жоламағаны дұрыс. Егер, киер болсаңыз үлкен өрнегі бар немесе көлденең жолақты калготки алыңыз. Ол, сіздің аяғыңыздың түзу болып көрінуіне септігін тигізеді.

Картинки по запросу что носить с кривыми ногами


5. Денеңізге қонымды болуы - бірінші орында

Тік түскен, ұзын көйлек те сіздің кемшілігіңізді жасырып тұрады. Тек етегінен біршама жырығы болса, сәнді көрінеріңіз анық. Алдыңғы жағынан жырығы бар көйлек кимесеңіз болды.



"Адам көркі - шүберек". Ал, сол үстіңіздегі бір жапырақ киіміңіздің ажарыңызды ашып, шырайыңызды кіргізіп тұратынын естен шығармаңыз. Үйлесімділік пен жарасымдылықты қаперіңізде ұстасаңыз болғаны.

Дайындаған: Г.Әмірілі

ERNUR.KZ