​Қол терісі ҚҰРҒАЙТЫН мезгіл, сондықтан КҮТІМ керек

0
358

Қалай дұрыс күтім жасау керек?


​Қол терісі ҚҰРҒАЙТЫН мезгіл, сондықтан КҮТІМ керек

фото: ru.pinterest.com

Ауа райының өзгеруіне байланысты терінің жағдайы да өзгереді. Яғни, терінің ашық жүретін бөлігі қол мен бет терісіне салқын ауа-райы әлбетте әсер етеді.

Құрғақ қол терісі - бұл барлық адамдарға әсер етуі мүмкін мәселе. Қатты құрғап, жарылып кеткен қол терісі қалай көрінетінін барлығыңыз білесіздер, сонымен қатар үлкен ыңғайсыздықты тудырады. Қолдың терісі құрғай бастағанына сезсеңіз, бірден күтімді қарқынды жүргізу қажет. Бұған табиғи ингредиенттерден жасалған үй косметикасы көмектеседі.


Құрғақтықтың белгілері

Қолдың құрғақ терісін МЫНА белгілер арқылы анықтау оңай:

қолдағы терінің тұрақты тартылу сезімі;

қабыршақтану;

жарылу;

қызаруы мүмкін.

Сонымен қатар қолды ұстағанда тері қатқыл болып тұрады, терінің серпімділігі жоғалады. Әсіресе, қолыңызды сабындап жуғаннан кейін тырысу, тартылу сезімі сезіледі. Кептіруден кейін жағымсыз қатаю кейде күшейеді. Егер қол терісі құрғақ және жарылған болса, онда сілтілі жуғыш заттармен байланысыңызды шектеу қажет болады. Тазалық құралдарымен тазалауды тек қолғаппен жасау керек.


фото: fb.ru

Қол терісінің ҚҰРҒАУ себептері

Үйді тазалағыш заттармен және қолғапсыз тазалау. Күнделікті ыдыстарды, терезелерді, едендерді және т.б. жуу.

Суық пен аязда жалаң қолмен жүру (қолғапсыз).

Шамадан тыс ультракүлгін сәулесі, құрғақ жел.

Жалаң қолмен шаң-тозаңда жұмыс істеу.

Тұқым қуалайтын бейімділік.

Дәрумендердің жетіспеушілігі.

Экологиялық нашар орта.

Тері аурулары.

Ағзадағы өзге де аурулар

Соңғы себепке келетін болсақ, созылмалы түрдегі көптеген аурулардың кейбірі қол терісінің құрғауына себеп бола алады. Мысалы: эндокриндік бұзылуларды, қант диабетінің болуын, асқазан-ішек жолдарының аурулары қол терісінің құрғауына ықпал етеді. Қол терісінің құрғауының себептерін жоюға, салдарымен күресуге болады. Мұны үй жағдайында және өте қолжетімді құралдармен жасауға болады.


Қалай күтім жасау керек?

Қолдың тері қабаты бет терісіне қарағанда әлдеқайда жұқа, май шығаратын май бездері жоқ және сумен және химиялық өнімдермен жанасу ықтималдығы жоғары. Сондықтан, ауа-райының қолайсыздығы қол терісіне жылдам әсер етеді.


Дәрумендер

Дәрумен тапшылығы қол терісінің құрғауына алып келеді. Сондықтан, көктемде, авитаминоз өршіп тұрған кезде, қолдағы проблеманың пайда болуы кездейсоқ емес.

А дәрумені (ретинол) теріге қажет, өйткені ол жасушалардың қарқынды жаңаруына жауап береді. Ағзада А дәруменінің жетіспейтінін қатты құрғақтық, қанмен бірге жүретін жарылулар арқылы түсінуге болады.

Ағзадағы зат алмасуға жауап беретін В дәрумені. В дәрумені тері жасушаларын барлық қажетті макронутриенттермен нәрлендіреді, тері тонусының жақсаруына ықпал етеді.

С дәрумені. Ол жасуша құрылымдарын оттегімен қамтамасыз етуші ретінде әрекет етеді, осылайша жасқа байланысты өзгерістерді баяулатады. С дәруменінің тағы бір қызметі - теріні ультракүлгін әсерден қорғау.

Е витамині жеткілікті мөлшерде теріге жылтырлық, балғындық сыйлайды және серпімділікті жақсартады.

К витамині эпидермис қабаттарының құрылымына оң әсер етеді.

Н витамині май жасушаларының синтезін белсендіретін сұлулық элементі.

Никотинамид жасушалардағы оңтайлы су балансын сақтауға көмектеседі.

Тізімде көрсетілген дәрумендер көптеген көкөністер мен жемістерде кездеседі, сондықтан оларды толықтыру үшін күнделікті рационыңызға мұндай өнімдерді жаңадан тұтынуды қосу керек.

Сонымен қатар ағзадағы су балансын сақтауды ұмытпау керек. Құрғақ қол терісінің 40% жағдайында бұл сипатталған мәселеге әкелетін суды жеткіліксіз қабылдау. Күніне кем дегенде 1,5 литр су ішу керек.


Қол ваннасын қабылдау

Қол ванналары - құрғақ қолға күтім жасаудың қарапайым және тиімді жолы.

Қайнатылған картоптың суы. Оны сүзгіден өткізудің де қажеті жоқ. Қолайлы температураға дейін суытып, қолыңызды батырып 20 минут ұстау жеткілікті.

-500 мл майлы айранға 2 жұмыртқаның сарысы мен 1 шай қасық зәйтүн немесе өсімдік майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, құрғақ қол терісіне жағыңыз. 20 минуттан соң, жылы сумен жуып тастаңыз.

- 500 мл сүтке бір шай қасық бал және эфир майларының бірін (авокадо, жожоба, зәйтүн, шалфей) қосыңыз. Осы ваннада қолыңызды 20 минут ұстаңыз.

- Крахмал ваннасы да өте тиімді. 1 шай қасық крахмал ұнтағын 200 мл суда ерітіңіз. Алынған ерітіндіге жалпы мөлшері 1 литр болатындай көбірек су қосылады. Қолыңызды осы ерітіндіге салып, 20 минут ұстаңыз.

- Түймедақ гүлінің қайнатпасын бір шай қасық балмен араластырып, 30 минут бойы осындай ваннаны қабылдаңыз. Егер сіз бір қасық лимон шырынын қоссаңыз, қолыңыздың терісін қосымша ағарта аласыз. Бұл тырнақты нығайтуға да әсер етеді.

Үйде ваннаны қабылдаудың ең оңай нұсқасы - жылы суға бірнеше тамшы эфир майы қосу. Терінің барлық қажетті заттармен қоректенуі үшін процедураның 20 минуты жеткілікті.

фото: YouTube

Үй жағдайында жасалатын маскалар

Құрғақ қолға арналған маскаларды үй жағдайында жасауға болады. Бірақ қалаған әсерге жету үшін мұндай процедуралардың жүйелілігі аптасына екі рет болуы керек. Маскаларды қолданбас бұрын, алдымен қолды сабынмен жуып, түкті сүлгімен аздап сүрту керек, жеңіл массаж жасау керек.


БАЛ+ЛИМОН+ЗӘЙТҮН МАЙЫ+ЖҰМЫРТҚА

Бал, лимон шырыны және зәйтүн майы қосылған жұмыртқаның сарысы. Барлығын араластырып, дайын болған масканы қолға жағып, 15 минут ұстаңыз. Соңынан жылы сумен жуыңыз. Бұл масканы жатар орынға жасасаңыз да болады, бірақ қолыңызға жұқа целлофан қолғаптарын киіңіз. Бұл қоспа құрғақ теріні жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар эпидермисті терең нәрлендіреді, ылғалдандырады және ағартады.


ЦИТРУС+ӨСІМДІК МАЙЫ

Цитрус шырыны мен өсімдік майы тең пропорцияда араласады. Оны түнде қалдырудың қажеті жоқ, масканы қолыңызда 20 минут ұстау жеткілікті. Содан кейін жұмсақ кремді сабынмен жуыңыз.


БАНАН+БАЛ+САРЫ МАЙ

Бананды шанышқымен немесе блендермен езіпп, сары май мен балдың бірдей мөлшерін (әрқайсысы 1 шай қасық) араластырыңыз. Дайын масканы қолыңызға жағып, сыртынан полиэтилен пакет немесе жұқа қолғап кию керек. Жарты сағаттан соң жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

«Қарынды» кетірудің 4 түрлі әдісі


ГИГИЕНАлық ЕРІН ДАЛАБын дұрыс таңдай білесіз бе?