Күтім жасау үшін көп нәрсе қажет емес.
Біздің аналарымыз бен әжелерімізден жеткен күтім жасау формуласы тиімсіз деп ойлап жүрген бе едіңіз?
Негізінде қымбат косметика мен күтім құралдарынан кем түспейтін табиғи өнімдермен күтім жасау сізге әлдеқайда арзан және тиімді болары сөзсіз. Ендеше қандай жолмен күтім жасауға, сұлу көрінуге болады бұл туралы анамның ескі дәптеріне жазылған жазбадан білгенімді сіздермен бөлісейін.
фото: temperaturka.com
Сұлы майымен жуу
Бір уыс сұлы алыңыз, тұтас, ұнтақталған болуы керек. Оларды қолыңызға қысып, жылы су ағынының астына 1 минуттай ұстаңыз. Содан кейін бірте-бірте суланып, жұмсарған үлпектерді алып бетіңізге жағып ақырын уқалаңыз. Бір-екі секундтан кейін қабыршақтар теріні жуып, тазарта бастайды. Екінші рет қолданғаныңызда бет терісінде аздаған өзгерістер, қызару немесе жайсыз сезім тудыруы мүмкін. Дегенмен қорқудың қажеті жоқ, осылайша бірінші аптаның соңында әдемі теріге ие боласыз. Бетіңіздің терісі жұмсақ, нәзік және жібектей болғанын көргенде өзіңіз де таңғаласыз.
Жасартатын бет маскасы
Бізге қажет:
* 1 шай қасық бал
* Жарты шай қасық құлпынай шырыны
* 2 ас қасық үгітілген шикі картоп.
1 шай қасық еріген балды жарты шай қасық құлпынай шырынымен араластырыңыз. Ірі көзді үккішпен бір дана шикі картопты өткізіп алыңыз. 2 ас қасық шығуы тиіс. Барлығын мұқият араластырып алыңыз. Алынған қоспаны дымқыл дәкеге жағып, тазартылған бетке компресс жасаңыз. Масканы шамамен 30 минут ұстаңыз, содан кейін бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз.
Тазартушы маска
Қажетті өнімдер:
* Жарты шай қасық желатин
* 1 шай қасық сүт
* Жарты таблетка белсендірілген көмір.
Белсендірілген көмір таблеткасын ұнтақтаңыз, желатинмен араластырыңыз, сүт қосыңыз. Барлығын мұқият араластырған соң, бәсең отқа қойып қыздырып алыңыз. Оттан түсіріп, аздап суығанын күтіңіз. Осы қоспаны бетіңіздегі проблемалық аймаққа жағыңыз, түгел жақсаңыз да болады. Маска толық құрғағанша күтіңіз, содан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Тиімділігі артығырақ болғанын қаласаңыз, ваннадан шыққаннан кейін буланған теріге масканы қолданғаныңыз дұрыс.
«Жаңартатын» бет маскасы
Қажеттілер:
* 2 аспирин таблеткасы,
* 1 шай қасық бал.
Аспиринге аздап су тамызыңыз. Ол түйіршіктеліп, қоймалжыңға айнала бастағанда бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Көз айналасына тигізбей, бетіңізге жағып шығыңыз. 10 минуттан соң, жеңіл қимылмен уқалай отырып, жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска қабынуға қарсы әсерге ие, бет терісін тегістейді, терінің жаңаруына ықпал етеді.
фото: 101hairtips.com
Крахмал маскасы
Қажет болады:
* 1 ас қасық картоп крахмалы,
* 5 ас қасық сәбіз шырыны,
* 1 ас қасық қаймақ.
1 ас қасық картоп крахмалын алыңыз, 1/2 кесе суда ерітіп, кастрюльге құйыңыз. 500 мл қайнаған су құйып, қоюланғанша пісіріңіз. Содан кейін 5 ас қасық жаңа сығылған сәбіз шырыны мен 1 ас қасық қаймақ қосып, араластырыңыз және суытыңыз. Масканы жұқа қабатпен 20-25 минутқа жағыңыз, жылы сумен шайыңыз. Қоспаның қалған бөлігін тоңазытқышта сақтаңыз және 3 күн ішінде қолданыңыз. Бұл маска тиімді ылғалдандыруға көмектеседі, майда әжімдерді тегістейді және терінің серпімділігін арттырады.
Денеге арналған тұзды скраб
Қажеттілер:
* 1 кесе тұз,
* 1 кесе майлы қаймақ.
Тұз бен қаймақты тең мөлшерде араластырыңыз. Әр душтан кейін осы скрабты бүкіл денеге жағып, қолғаппен уқалаңыз. Тұз жұмсақ қабыршақтайтын және бактерияға қарсы әсер етеді, қабынуды жеңілдетеді. Қаймақ теріні жұмсартады және ылғалдандырады. Дайын скрабты тоңазытқышта сақтаңыз.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Оқи отырыңыз:
Қолданып жүрген косметикаңызда С ДӘРУМЕНІ бар ма?
Бетке МАССАЖ жасап ЖАСАРУға болады