​КӨП терлейтіндерге 10 түрлі ЛАЙФХАК

0
2 142

Көп терлейсіз бе?


​КӨП терлейтіндерге 10 түрлі ЛАЙФХАК

фото: syl.ru

Жаз айын ұнатпайтындар кемде-кем шығар. Бірақ жаз айының қызығымен қоса шыжығы да жеткілікті. Күннің аптап ыстығында қолайсыздықтар да кездесіп тұрады.

Солардың жиі кездесетіні терлеудің жоғарылауы. Осы мәселемен бетпе-бет келетін адамдар, бұл мәселені шешудің әртүрлі жолдарын іздейді.

Сол жолдардың бірнеше қарапайым жолдарын үйреніп алайық.


1.Күніңізді бір кесе сумен бастаңыз

Таңертең ұйқыңыздан оянған кезде бір кесе жылы су ішіңіз. Бұл әдетті қалыптастырған адамдар көп емес. Ал таңертеңгі бір кесе жылы судың қаншалықты пайдалы екендігін білсеңіз де, ұмытып кетіп немесе мән бермей жүрген болсаңыз бүгіннен бастап қолға алыңыз. Қою қызыл шай мен кофе терлеудің жоғарылауына ықпал етеді, сондықтан олардан аулақ болған жөн. Бір тілім лимон немесе хош иісті жасыл шай қосылған салқын мұзды су сіздің ең жақсы досыңыз болсын.


2.Дәмдеуіштерді мейлінше аз қолданыңыз

Тіпті жаздың күні дәмдеуіштерді қолданбасаңыз да болады. Өйткені балғын көкөністер дәмдеуіштердің орнын басады. Сонымен қатар, ащы тағамдардан да бас тартыңыз. Ащы тағамдар сіздің сүйікті асыңыз болса да, жұмысқа немесе кездесуге барар алдында ащы жемеңіз. Өйткені терлеуді жоғарылатады.


3.Шөлдеудің алдын алыңыз

Кейде көп терлейтін адамдар суды аз мөлшерде тұтынады. Көптеген адамдардың түсінігінде көп су ішу – көп терлеуге жол ашады деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл қате пікір. «Аз су ішу – аз тер бөледі» аксиомасы жұмыс істемейді. Керісінше, ылғалдың жетіспеушілігі дененің жағдайын нашарлатады, дегидратацияны және стрестің дамуын туындатуы мүмкін. Ал күйзеліс - терлеуді күшейтеді.


4.Ұйқыңыз қанық болсын!

7-8 сағаттық ұйқы нормасын орындаңыз, ұйқысы сергек адам көңілді, жігерлі және кез келген қиындыққа дайын болады. Егер түнгі демалыстың тұрақты болмауы - бұл «керісінше» әңгіме. Егер ыңғайсыз жағдайда терлеп жүруді қаламасаңыз, барлық жұмыс режимін реттеп алыңыз. Өйткені, ұйқысыздық ешқашан ешкімге өзін жақсы сезінуге көмектеспейді, мазасыздықпен қоса, тершеңдікті де тудырады.

фото: torontodermatologycentre.com

5.Киіміңіз табиғи талшықтардан болғаны маңызды

Мақта мен полиэфирден жасалған киімдерді сынап көрген адам айырмашылықты біледі. Бірінші жағдайда тері «тыныс алады», дене салқындайды, тер сезілмейтін түрде буланып кетеді. Ал екінші жағдайда тердің айқын иісі білінеді, ыстықты қатты сезінесіз және ыңғайсыздықты туындатады.

Табиғи талшықтан тігілген киімдер көп терлейтін және денсаулығына қамқорлық жасайтындар үшін өте маңызды. Жаз мезгіліндегі ең керемет таңдау - мақта, жібек, зығырдан тігілген киімдер. Тек сыртқы киім ғана емес, сонымен қатар іш киім де табиғи талшықтардан болуы керек.


6.Қатты силуэттерден аулақ болыңыз

Киімнің тігіс аймақтары неғұрлым кең болса, ауа соғұрлым еркін айналады, денені салқындатады және қажетті жайлылықты береді. Сонымен қатар, кең жейдеде қолтық аймағында дымқыл дақтарды аз байқайсыз.


7.Қолтық астына арнайы жастықшаларды қолданып көріңіз

Сіз оны косметика мен тұрмыстық заттар сататын кез келген дүкеннен сатып ала аласыз. Кішкентай және жұқа төсеніштер киімге немесе тікелей қолтық терісіне бекітіледі, олар тер мен иісті сіңіреді. Киім толығымен құрғақ болып қалады.


8.Аяқ киімге «сіңіргіш ұлтарақ» пайдаланыңыз

Жазда аяқ киімнің «иісі» көбінесе өнімнің сапасына және жасалған материалға байланысты. Бірақ кез келген жағдайда арнайы төсеніштер жақсы қызмет ете алады. Бактерияға қарсы сіңдірілген және дезодорациялық қабаты бар бір реттік ұлтарақтарды қолданған дұрыс. Ол аяғыңызға ыңғайлы, өткір иіс жоқ.


9.Антиперспиранттар қолданыңыз

Дезодоранттар терлеуді жойып жібере алмайтынын есте сақтаңыз. Ол тек қана тердің иісін жасырады. Уақытша әсер етсе де қолтықтың дымқылдануын тежейді. Антиперспиранттар, құрамында арнайы заттардың болуына байланысты, май бездері түтіктерінің тесіктерін тарылтады, бұл тер өндіруін минималды түрде азайтады. Олардың көпшілігі иіссіз, бірақ балғындық, цитрус немесе теңіз желінің ноталарымен қуантатын түрлері де бар. Ең бастысы - өз өніміңізді тауып, оны нұсқауларға сәйкес пайдалану.


10. Контрасты душ қабылдаңыз

Контарсты душ шынайы балғындық сезімін береді, сонымен қатар тер бездерін «қатайтады». Жылдың кез келген уақытында қажетті минимум - күніне екі рет, таңертең және кешке душ қабылдау міндетті. Ал «ыстық» күндер үшін – әр адамның қалауы мен қажеттілігі бойынша. Душ қабылдап шыққан соң, дененің табиғи түрде кебуіне мән беріңіз.

Сондай-ақ егер бұл лайфхактардың сізге әсері болмаса, дәрігерге қаралыңыз. Өйткені бұл денсаулықтағы ақаулықтардан пайда болуы да мүмкін. Кейде дене ыстыққа ғана емес, ағза өз жұмысын дұрыс атқара алмай, белгілі бір аурудың белгісі ретінде дабыл қағуы мүмкін. Мысалы: қалқанша безінің бұзылуы, гормоналды теңгерімсіздік, гипотиреоз, артық салмақ, неврит - бұл тер бездерінің жұмысын арттырады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ұштанған шашты үйде СӘНДІ етіп ҚИЮға болады


ҚОЛыңызға қаншалықты КҮТІМ жасайсыз?