​Өкше жарылса лезде ЕМДЕУГЕ болады

0
3 362

Өкшеңіз жарылса МЫНА әдісті қолданыңыз.


​Өкше жарылса лезде ЕМДЕУГЕ болады

фото: organserdce.com

Өкшеңіз жарылса біз сіздерге пайдалы әрі үй жағдайында жасалатын күтім түрін ұсынамыз. Әсіресе, жаз уақытында өкшенің жарылып кетуі көптеген қыз-келіншектерде кездесетін жағдай.

Жаздыгүні жалаңаяқ жүргеннен өкшенің терісі тілімденіп, жарылып кетеді. Оның қараған көзге оғаш көрінгені былай тұрсын, денсаулыққа тигізер зияны да көп. Тілінген, қиылған жерлерден қан жолдарына инфекция кіріп, түрлі ауруға шалдығу қаупі де жоқ емес. Сондықтан егер өкшеңіз жарылса, төмендегі масканы жасап, дереу емдеңіз!


Қойдың құйрық майы мен сәбіз

Орташа сәбізді қабығынан тазартып, ұсақ көзді үккіштен өткізіңіз. Оны 1/1 көлемінде еріген майға салыңыз. Сосын осы қоспаны баяу отқа қойып, 1,5-2 сағаттай қайнатыңыз.

Дайын болғанда сәбізді дәке арқылы сүзіп алыңыз. Тек майды ғана ыдысқа құйып, суытып алыңыз. Осы жақпа майды күнделікті ұйқыға жатар алдын

Сәбіз бөліктерін жинап алу үшін дәкедің қасықшасын пайдаланыңыз немесе дәке арқылы сүзіңіз. Қалған майды шыны ыдысқа құйып, суытыңыз. Осы маймен өкшеңізді майлап, үстінен клеенка қойып, бинтпен орап тастаңыз. Майлаудан алдын әлбетте өкшеңізді жылы суға салып, теріңізді біраз жібітіп алыңыз.


фото: laser-estet.ru

Пияз

Жарылған өкшеге арналған жақсы құрал - пияздан жасалған жақпа. Оны дайындау үшін табаға бір стақан өсімдік майын құйып қыздырыңыз, екі бас пиязды қабығынан аршып, тураңыз. Туралған пиязды табадағы қызған майға салып, қызарғанша қуырыңыз. Сосын пиязды сүзіп, тек майын қалдырыңыз. Сосын балауыздың бір бөлігін (свеча) ыстық майға салыңыз. Жақсылап араластырып, салқындаған соң тоңазытқышқа салыңыз.

Осы қоспамен күн сайын жарылған өкшеңізді майлап, сыртынан жұқа шұлық киіп жүріңіз. Күндіз жасасаңыз 2 сағат демалып жатыңыз. Мүмкіндігінше ұйқыға жатарда жасаған дұрыс, себебі ұйқы кезінде тері өзіне жақсы сіңіреді. Душтан кейін күн сайын проблемалы аймақтарды майлап, таңертең оны жуған соң, пемзаның көмегімен артық теріңізден арылыңыз. Соңынан міндетті түрде жұмсартқыш крем жағып қойыңыз.


Крахмал моншасы

1 ас қасық крахмалды бір литр ыстық суда ерітіңіз. Сұйықтықты шұңғыл ыдысқа құйып, аяқтарыңызды жарты сағатқа салып отырыңыз. Егер осы суға өкшеңіз толық батпайды деп күмәндансаңыз, осыны екі еселеңіз. 2 литр суға 2 ас қасық крахмал қосыңыз. Осы уақыт ішінде ваннаны жылы ұстауды қадағалаңыз. Егер су салқындап бара жатса үстіне ыстық су қосыңыз. Процедураны күн сайын шамамен екі апта жасаңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Құрғақ тері - тез қартаюдың себепкері


ЖАРАСЫМДЫ киіну өмірге құштар етеді