"СӘННЕН ҚАЛДЫ" - 2019 жылдың жазында БҰЛ КИІМДІ кимегеніңіз дұрыс

0
3 086

2019 жылы сәннен шығып қалған киімдер туралы білгіңіз келеді ме?


суреттер: ашық дереккөзден

Сән әлемі бір орында тұрмайды. Мезіл сайын алмасып тұратын ерекше үлгілер, кейбір маусымға мүлдем киюге лайықсыз болуы мүмін. Алған киіміңіздің әрі өткен, кезі жеткенін болмаса, сәннен қалған екен деп барлығын лақтыруға болмайды. Гадеробты тек жаңа сән үлгілеріне орын босататындай етіп тазалап отырған жөн.


Алдағы жазда сәннен қалған киімдердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Сәнгерлер келесі бестікке мұқият назар салып, трендтен қалмау үшін мынадай киімдерден бас тартуды ұсынады.


1. Өте қысқа шорты

Шорты


Өте қысқа шорты үйіңізде ешкім көрмеген кезде ғана кисеңіз жарасуы мүмкін. Өткен жылы киген болсаңыз, жарасымсыз болыпты деген сөз емес. Бұл аталған қысқа киім тек биылғы жылы ғана сәнде жоқ. Ал, бұның орнына балағы қысқа шалбар немесе ұзындығы тізеге жетер жетпес шортымен алмастыруға болады.


2. Ашық иықты көйлек


Похожее изображение


Өткен жылдардың трендіне айналған иығы ашық көйлектер мен жейделер биыл сәннен қалды. Олардың кейбірі резіңкемен жиылған болса енді бірі әдемі жиек торлармен әсемделген. Қаншалықты әйелдің нәзіктігін көрсетіп тұратын болса да биылғы жазда кимей-ақ қойғаныңыз жөн. Оның орнына жеңіл, жіңішке иықты сарафан кисеңіз сәндік талғамыңыздың бар екеніне елді сендіресіз.


3. Тор шұлық

Похожее изображение


Биылғы жылы торлы калготки кию күлкілі көрінеді. Әрдайым трендтен қалмай жүрген торыңызды сандықтың түбіне қарай ысырып қойыңыз. Кезі келгенде керек болып қалуы бек мүмкін. Себебі, сән әлемі айналмалы шар тәрізді. Биылғы сәннің араға бірнеше жыл салып қайта айналып келуі мүмкін. Ал, өрнекті калготки киюге қатты құмартып тұрсаңыз, дөңгелек фигуралы өрнекпен немесе алды-артында тік сызығы бар калготки кисеңіз болады.


4. Жасырын өкшелі платформа

Каблуки


2019 жылдың трендіне қарама-қайшы сәннің бірі - платформалы аяқкиім. Әсіресе, жіңішке өкшелі платформамен түссіз платформалар көзге түрпідей көрінеді. Бұл аяқкиімдермен жүрудің өзі ыңғайсыз, жұмыс пен кездесулерге де жарамайды. Осындай біз өкшелерді тіктөртбұрышты немесе рюмка тәріздес өкшелі аяқкиімдермен алмастыруға болады. Ескерте кетейік, бұл жазда жоғарғы жағы лакталған, алды кішкене ашық аяқкиімдер сәнде.


5. Әшекей бұйымдар


Аксессуары


Нәзік жанды әйелдің сәніне әр беріп тұратын әшекей бұйымдар екені белгілі. Алайда, олар да киімдер секілді маусым сайын сәннен қалып отырады. Өткен жылдары бір түсте, бір стильдегі жиынтық әшекейлер сәнде болған. Биыл да талғамыңызға қарай әшекейді таңдай аласыз. Түстерін сәйкестендіріп алсаңыз да, жиынтық әшекейлерді мейілінше тақпағаныңыз абзал. Дегенмен де, әшекейдің көйлегіңіз бен жүзіңізге дәлме-дәл келіп тұруы өте маңызды.


Әдемі киініп, сәнді көріну әрбір әйел затының қиялына байланысты екені белгілі. Дегенімен, сәннің де мезгілін бағамдап отырғаныңыз дұрыс.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі