​Шашқа ПИЛИНГ жасау керек пе?

0
4 288

Пилинг жасаудың пайдасы өте көп.


​Шашқа ПИЛИНГ жасау керек пе?

фото: леди-шарм72.рф

Бас терісі құрғап немесе керісінше бас терісі тым жиі майланып, жатса, басыңызды тек қана сусабынмен жуып қоя салу жеткіліксіз. Бет терісі құрғағанда қалай күтім көрсетсеңіз, бас терісіне де солай күтім жасау қажет. Скраб, пилингтерді өлі терілерден арылып, тері түсін жаңарту үшін қолдансаңыз, бас терісін де өлі терілерден арылту керек.

Егер шашыңыз бас терісі құрғауының әсерінен қабыршақтанып, қайызғақ көбейсе, пилинг жасау пайда береді.


ПИЛИНГ қандай нәтиже береді?

Профессионалды немесе косметикалық өнімдерді сатып алуға қаражатыңыз жетпесе, үй жағдайында да пилинг пен скрабтың көмегімен бас терісіндегі өлі клеткалардан арыла аласыз. Эпидермистің осындай жолмен «тазаруы» шаштың сұлулығына себеп болады. Шаштың өсуіне, дәрумендердің бас терісіне оңай сіңуіне және шаш фоликулдарына оңай өтуіне мұрындық болады. Сондықтан, қандай да бір күтім жасау үшін, алдымен бас терісіне пилинг жасап алған жөн.

Скраб, пилингтер:

-Терідегі өлі клеткалардан түбіне дейін арылтады

-Клетка жаңарады

-Қайызғақтан арылтады

-Шаштың өсуін жылдамдатады

-Сезімтал тері болса, ауырсынғаны басылады

-Қан айналымы жақсарады

-Қышуды болдырмайды


Қай кезде жасауға болады?

Ірі-ірі қайызғақтар шығып, мазаңызды алса;

Жиі-жиі қайызғақ пайда бола берсе;

Шашыңыз, бас терісі өте майлы болса;

Шашыңыз көп түсетін болса;

Осы айтылған мәселелердің алдын алу мақсатында да шашыңызға пилинг жасасаңыз болады. Бұл әйелдермен қоса, ер адамдарға да қатысты.


Пилингтің түрлері

Бас терісіне арналған кәсіби пилингтің түрлері бар:

*Механикалық - бұл косметологиялық орталықтарда әр түрлі тазалау сатыларымен жасалады.

*Химиялық - қышқылдардың көмегімен жасалады. Мысалы сүт, бадам, гликол қышқылы. Химиялық пилинг негізінен үстіртін жасалуы керек, әйтпесе шаш фоликулдарына зиянын тигізеді. Сондықтан, химиялық пилингте барынша қышқылдығы төмен пайызды өнімдер қолданылады.

*Аппараттық – бас терісіне газды сұйықтық немесе гальваникалық сұйықтықпен пилинг жасалады. Газды сұйықтықпен жасалған пилингте шаштың үстінен өте күшті қысыммен га сұйықтығы жіберіледі. Бұл көміртегі мен көмірқышқыл газынан тұратын медициналық газ. Сонымен қатар, мезотерапияны да инесіз жасауға болады. Мезотерапия дегеніміз- дәрумендер, пептидтер, гиалурон қышқылы ине арқылы теріге енгізіледі.


фото: maroshka.com

Неше рет жасау керек?

Егер шашыңыз тез майланып, таза жуылмай қалғандай сезімде болсаңыз, үй жағдайында жасалынатын пилингтерді аптасына 2 рет қолдануға болады. Шашыңыз қалыпты болса, 10 күнде бір рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Ал құрғақ терілер үшін екі аптада бір рет пилинг жасау ұсынылады. Егер одан көп жасалатын болса, терінің май бездері жылдам жұмыс істеп, әсерінен тері бетіне бөртпелер шығып кетеді.

Үй жағдайында пилинг жасаймын деп ұйғарсаңыз, алдымен бас терісінің кішкентай бөлігіне өнімді жағып көріп, тексеріп алғаныңыз жөн.

Үй жағдайында жасалатын скраб-пилингтің түрлері


Тұз+зәйтүн майы

2 ас қасық теңіз тұзы болмаса, ас тұзына 2 ас қасық зәйтүн майын қосып, араластырып, бас терісіне толықтай жағып, 2-3 минуттай ақырын уақалап, жеңіл қимылмен массаж жасаймыз. Соңынан сусабынмен мұқият жуып, таза сумен шайып тастайсыз.


Кокос майы+алма сіркесуы

2 ас қасық кокос майына 1 ас қасыққа толмайтындай алма сіркесуын қосып, үстінен 2 шымшым тұз салып, араластырамыз. Бас терісіне жағып, ұзақ ұстамай сусабынмен жуыңыз.


Шекер+бал

3 ас қасық шекерге 1 ас қасық бал, 2 ас қасық қаймақ немесе кілегей (сливки) қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бас терісіне жағып, 5 минуттай массаж жасап, одан кейін сусабынмен жуп тастаңыз.


Кофе+тұз

Өте майлы тері үшін 2 ас қасық кофеге 2 ас қасық тұз қосып, бас терісіне дәл жоғарыда айтылған тәсілдермен бас терісіне күтім жасаңыз.

Сода+сусабын

2 ас қасық ас содасына осындай мөлшерде сусабынды қосып, араластырып, бас терісіне жағып, сусабынмен жуыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЕР АДАМға да бет күтімі ҚАЖЕТ


КҮЖІРЕЙГЕН ЖЕЛКЕден қалай құтылуға болады?