Табанның жарылғанын майсана майы жазады

0
7 304

Әйелдің ұқыптылығын, тиянақтылығын аяғының күтімінен байқауға болады. Әйелдің аяғы көрер көзге әдемі болуы керек. Өйткені аяғының тартымдылығынан-ақ қаншалықты дәрежеде өзін күтіп-баптауын байқауға болады. Негізінде аяққа күтім жасау ұзақ уақыт алмайды әрі қиындық та туғызбайды. Бастысы дұрыс әрі үзбей күтім жасауда.


Табанның жарылғанын майсана майы жазады

Әйелдің ұқыптылығын, тиянақтылығын аяғының күтімінен байқауға болады. Әйелдің аяғы көрер көзге әдемі болуы керек. Өйткені аяғының тартымдылығынан-ақ қаншалықты дәрежеде өзін күтіп-баптауын байқауға болады. Негізінде аяққа күтім жасау ұзақ уақыт алмайды әрі қиындық та туғызбайды. Бастысы дұрыс әрі үзбей күтім жасауда.

* Аяқтағы ең проблемалы аймақ ол – табан. Өйткені ол жерде тер бездері орналасқан. Сондықтан да табан тез терлейді әрі кірлейді. Сондай-ақ, саусақ арасын да күніне бірнеше рет жуып тұруды әдетке айналдырыңыз.

* Аяқта кездесетін таз аурулары күн ұзақ жабық аяқ киімді шешпегеннен, шұлықты ауыстырмағаннан және тазалық сақтамағаннан орын алады. Үйге қай уақытта келсеңіз де бірінші кезекте аяғыңызды сабынды жылы сумен жуып, салқын сумен шаясыз. Сосын жақсылап құрғатып сүртіп, бальзам немесе аяққа арналған крем жағуға болады. Егер осы талаптарды бұлжытпай орындасаңыз, аяғыңыздағы жағымсыз иістен де, таз ауруынан да біржолата айығатыныңызға сеніңіз.

* Егер табаныңыз қатқылданып, жарылып кетсе, онда оған мұқият күтім қажет болады. Жатар алдында міндетті түрде аяғыңызды, табаныңызды тазалап жуып, арнайы майлы крем жағыңыз. Сондай-ақ майсана майы да жақсы көмектеседі. Оны табаныңызға сіңіріп жағыңыз да, аяғыңызға мақта матадан тігілген шұлық киіңіз.

* Көк тамырдың түйнеліп кеңеюі мен аяқтың ісінуі әсіресе жүкті әйелдерде жиі кездеседі. Мұндай жағдайда өзіңізше үй жағдайында ем-дом жасап әуре болмаңыз. Мүмкіндігінше дәрігерге жолығып, кеңесін алғаныңыз жөн.

Егер сіздің тамырларыңыз кеңеюге бейім болса, онда қарама-қарсы былау қабылдаңыз. Жаныңызға екі ыдыс қойып, біреуіне ыстық, екіншісіне салқын су құясыз да, аяғыңызды кезек-кезек салып отырасыз. Бұл бұлау тамырлардың қабырғасының қатаюына көмектеседі.

Егер аяғыңыз ісінсе, онда жатар уақытта 20-30 минуттай аяғыңызды жоғары көтеріп жатыңыз. Бұл қан айналу жүйесін жақсартып, ісікті қайтаруға ықпал жасайды.

* Аяғыңыздың талықсып шаршағанына емдік өсімдіктер қосылған былау жақсы көмекші бола алады.

– 100 гр. қайың жапырағын, түймедақ пен жалбызды араластырып, 1 литр қайнаған суға саласыз. 1 сағаттан соң сүзіп алып, шараға құйыңыз да аяғыңызды 10 минуттай салып отырыңыз. Бұл бұлау аяғыңыздың шаршағанын басады.

– 1 шай қасық ас содасын, теңіз тұзын және арша жидегі мен қышаны араластырып, бөлме температурасындағы суға салыңыз. Жақсылап араластырған соң аяғыңызға бұлау жасайсыз. Бұл былау да аяқтың талғанын басып, аяғыңызды жұмсақ етеді.

Есіңізде болсын, егер сіздің аяғыңыз ауыр болса, онда бұлау жасамағаныңыз жөн.

* Аяғыңыздың терлегіштігіне өсімдіктерден жасалған бұлау дауа болады. Терлеудің соңы аяқтың жарылуына, таз ауруларына және құрғауына әкеп соқтырады. Сондықтан да төменде берілген кеңестерді жүзеге асырып, аяғыңызды тершеңдіктен құтқарыңыз.

– 1 литр суды қайнатып 200 гр. қайың қабығын салып, тағы да 20 минут қайнатасыз. Дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, ыдыстағы суға қосыңыз. Сөйтіп аяғыңызды 10 минут салып отырасыз.