Тырнақты қатайтудың өзгеше 3 тәсілі

0
6 043

Тырнақты қалай қайта қатайтуға болады?


Тырнақты қатайтудың өзгеше 3 тәсілі

Қазір қыздардың тырнақтарын үнемі бояп жүруі әдетке айналған. Ол тырнақты сынғыш, әлсіз ететіні бесенеден белгілі. Әсіресе, қазір бикештер жиі жасататын гелді бояу тырнаққа өте зиян. Ал тырнақты қалай қайта қатайтуға болады?

Йод, тұзды су, лимон қышқылы... тым қарапайым.

Ал қазір бұл әдістерден өзге және өте пайдалы үш тәсілді ұсынамыз, қойын кітапшаңызға жазып алсаңыз болады.

Зәйтүн мен майсана майы

Тырнақты қатайтып, бетіндегі жылтырын қалыпқа келтіру үшін зәйтүн мен майсана майы жақсы көмектеседі. Екеуін бірдей көлемде араластырып тырнақтарыңызды бірнеше уақытқа салып отырыңыз. Зәйтүн майының құрамындағы дәрумендер тырнақты нәрлендірсе, майсана майы қатайтып, өсуін тездетеді.

Түймедақ пен сұлу ұнтағы

Тырнақты емдеу үшін түймедақ гүлі мен сұлы ұнтасының да пайдасы зор. Оларды да бірдей мөлшерде алып, ыстық суға салыңыз. Судың жылығанын күтіп, дайын қоспаға тырнақтарыңызды булаңыз. Біраз уақыт суына салып отыруға да болады. Нәтижесінде тырнақтарыңыз жақсы жағына өзгереді.

Ірімшік пен өсімдік майы

Кальцийдің жетіспеуі тырнақды әлсірететіні белгілі. Ал бұл маска кальцийге өте бай болғандықтан, тырнақтың қатаюына жақсы ықпал етеді. Масканы дайындау да оп-оңай. Табиғи майлы ірімшікті кез келген өсімдік майымен араластырамыз. Одан кейін жарты сағат тырнақтарымызды сол дайын қоспаға салып отырамыз. Аптасына 2-3 рет қайталауға болады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ