Жарылған ​ӨКШЕНІ ҚЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

0
2 561

Өкше жарылып кеткенде неге қыруға болмайды?


Жарылған ​ӨКШЕНІ  ҚЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

фото: vk.com

Өкшенің жарылуын екі түр­ге бөліп қарастыруға болады. Қы­сы-жазы жарылып жүретін өкше ағзаға дәрумендердің жетіс­­пеушілігін біл­діруі мүмкін. Сондай-ақ ол асқазан ауруынан (гастрит)­ да хабар бе­реді. Қант диа­беті де өкшенің қысы-жазы жарылуына себеп. Жылы суға жуып, тиісті ем-дом жасағанмен жазылмайтын мұн­дай жарылу байқалса дәрігер­лік тексеруден өткен абзал.

Егер өкшеге жеткілікті күтім жасалса, тек жаздың күні өкше ашық жүргендіктен, құрғап кету себебінен жарылады. Өкшенің жарылуы көп жағдайда суды аз ішетін адамдарда кездеседі. Адам күніне орта есеппен 2-2,5 литр су ішуі тиіс деп қарастыратын болсақ, мұндай тәртіпті қадағалап жүретін жандар аз. Ағза сусызданғандықтан әрине адамның терісі құрғайды, оның ішінде өкшеге де қатысты. Негізі күннің ыстық сәулесі қызуын жерге сіңі­реді. Ал ол қызуды алдымен сезетін аяқтарымыз. Ыстыққа табан терісі құр­ғап,­ жиырылады, те­рісі күйіп, қа­быршақтана бас­тай­ды. Өкшенің жарылуы міне осыдан пайда болады. Осы өлі теріні күн­делікті жылы сумен жуа отырып, аяқ­қа крем жағып тұрмаса ол қатпарланып, жарылу тереңдей түседі. Өкшенің тереңдеген жарақатына микроб үйір ке­леді.


Ондайда қабыршақ пен артық теріні ұстарамен қырып тастаудан аулақ болыңыз...

Артық тері ұстарамен қырған сайын жалбырай түседі. Ал артық теріден арылмай крем жағудың нәтижесі болмайтынын да ескергеніңіз жөн. Сонымен қатар өкшені жұмсартып алып та тазартуға болмайды. Дұрысы жуынардың алдында өкшеге крем жағып, біраз жүру керек. Сосын өкше қырғышты сулап алып, құрғақ өкшені ысқылайды. Өлі терінің қалай түсе бастағанын сонда көресіз. Процесс тоқтап қалса, қырғышты сулап алып жалғастырыңыз. 2-3 рет қайталаған соң жуынуға болады. Душтан соң жұмсақ өкшеге крем жағып қойыңыз. Бес күн жасаған емнен соң өкшеңіз жұмсарып қалады.


Аптасына екі рет аяқты табанды шымырлататындай ыстықтау суға салып, 20 ми­нут отырған жөн. Суға аздап сабын немесе со­да­ қоссаңыз, тері жұмсарады.


Жұмсарған өлі теріні алып тастау да оңай. Егер аяғыңыздың шаршағанын сезсеңіз, 2 литр суға 1 ас қасық түй­медақ­ гүлін қосып, осы тұнбаға аяғыңызды салып отырыңыз. Ол аяқты тынықтырып, шаршауды тез басады. Теріні жайландырып,­ нәрлендіреді. Осы­­дан кейін өкше­дегі, башпай ұш­тарындағы жансыз те­ріні арнайы құралмен алып тастап, майлы крем жағу керек.

Жазда жайсыз көрінетін өк­ше­нің жарылуын кетіру үшін қырыққабат жапырағын алып, сөлі бөлінгенше умаждап жұмсартып өкшеңізге таңып қойсаңыз тіпті жақсы.

Сулы дәкеге таза бал жағып, онымен өкшені орап қойсаңыз да­ терең жарылудың жазылуына кө­мек­теседі. Ол үшін өкшені жы­лы су­ға салып, балаларға арналған сабынмен жуу керек. Соңынан бал жағып қойсаңыз жа­рыл­ғанды ғана емес, аяқ саңы­рау­құлағы сынды дерттің алдын алуға да көмектеседі.

фото: ivanovo.biglion.ru

Шағын шылапшынға (тазик) 1,5 литр ыстықтау (бірақ аяқ күйдірмейтіндей) су құйып, 4 ас қасық сутек тотығын (перекись водорода) қосыңыз. Осы суға аяғыңызды салып, біраз отырыңыз. Егер өкшеңіз тым қатты жарылған болса, ұзағырақ отыру керек. Аяқты судан шығара салып, өкшеңізді өкше қырғышпен (пемза) ақырын ысқылаңыз. Ал одан кейін сумен шайып, құрғатып сүрткен соң, дәріханадан алған глицериннің үстінен құты толғанша қарапайым алма сірке суын қосыңыз.


Жақсылап шайқап, осы қоспадан өкшеңізге жағып, аяғыңызға полиэтилен қалта киіңіз. Бұл масканы жатар алдында жасағаныңыз жөн. Таңертең шешсеңіз, аяғыңыздың терісі жұп-жұмсақ болып, тілімденгені тез жазылады.


Аяқты суға аптасына бір-ақ рет салу жеткілікті, ал масканы күнделікті жасаған жөн.


Кешке душтан кейін аяқтарыңызға какао майы, ши майы, шай ағашы майы, раушан майы және ланолин қосылған нәрлендіретін және қалпына келтіретін кремдерді жағыңыз.


Уақытыңыз жеткілікті болса, қалыңдау етіп жағылған кремнің сыртынан тамаққа арналған пленкамен қысқа уақытқа орап қойыңыз. 5-10 минут жеткілікті болады, орауды шешкен соң қалғанын толығымен сіңгенше теріге уқалай отырып сіңіріңіз. Аптасына бір рет жасаған жеткілікті. Егер аяғыңыздың терісінде қандай да бір қабыну байқалса, крем жақпағаныңыз жөн.


Гигиена маңызды

Тіпті шамадан тыс терлеуге, иіске немесе қабынуға бейім аяққа көбірек күтім қажет. Егер ондай проблемаңыз болмаса, аяқтың терісіне күтім жасау оп-оңай. Сондықтан қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

• душта бүкіл аяқты және саусақтардың арасындағы теріні мұқият жуыңыз;

• жуылған аяқтарды құрғату процесінде де мұқият болыңыз, міндетті түрде башпайлардың арасын жақсылап құрғатыңыз;

• үй тәпішкелерінің тазалығына мән беріңіз, мүмкіндігінше жиі жуыңыз немесе ауыстырыңыз;

• бассейнде жүзуді ұнататын болсаңыз, судан шыққаннан соң таза сумен жақсылап шайыныңыз. Себебі көпшілік түсетін бассейн суы міндетті түрде хлорлы болып келеді.

Сондай-ақ тітіркенуге қарсы құралдарды қолданыңыз: аллантоин, пантенол, сығындысы бар жақпамайлары көмектесе алады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетіңізді ағарту үшін МЫНА 6 әдісті орындаңыз


Шаш саулығы үшін ЖҰМЫРТҚАдан артығы жоқ