Пигментті дақтар тек қартайғанда пайда бола ма?
фото: kz.amway.com
Жас ұлғайғанда бет терісіне түскен пигментациядан арылу оңай емес. Алайда, пигментациядан құтылудың жолдары бар. Ол үшін тұрақты күтім және ішкі ағзалардың саулығы маңызды. Әрине, мұның барлығы да жас ұлғаю келе теріде болатын өзгерістерге байланысты. Бұл жағдайлар көбінесе гликациядан туындайды.
Мұндайда не істеу керек?
Гликация-қартаю процестерін жеделдететін және көптеген асқынуларға әкелетін механизм. Гликация немесе гликостар – бұл қанттардың ақуыздармен қосылуы. Бұл өмір бойы жүреді, уақыт өте келе тездейді және күш алады. Гликация процесі қайтымсыз. Оның ағзада қаншалықты қарқынды жүретіні адамның биологиялық жасына және оның денсаулық жағдайына тікелей әсер етеді.
Коллаген барлық ұлпалар мен ағзада болады, қант молекуласымен байланысқан кезде ағзаның жұмысына аздап кедергісін келтіреді. Сондықтан, құрамында коллагені бар органдардың, байламдардың, шеміршектердің, сүйектердің қызметі бұзылады. Кол️лагеннің гликациясы-дәнекер тіннің қатаюы деп айтуға болады. Алғашқы белгілердің бірі-бет терісі салбырай бастайды.
Негізгі себептеріқуырылған тағамдарды жеу, олардың құрамында гликацияның соңғы өнімдері бар. Жылдам даярланатын, яғни құрамында көмірсулары көп тағамдарды жиі тұтыну, глюкоза, фруктоза, сахароза, лактоза. Осылар гликация процестерін бастайды. Ұйқының бұзылуы да әлбетте кері әсерін тигізеді.
«Қартаю дақтарын» қалай жоюға болады?
Ол үшін ашытылған сүт өнімдері бар маскаларды қолданыңыз. Сонымен қатар құрамында лимон мен қияр шырыны бар маскаларды да қолдансаңыз болады.
Бет терісіндегі дақтар тек қана жас ұлғая келе пайда болады дей алмаймыз. Бала туылғаннан-ақ, сондай-ақ, 35 жастан асқаннан кейін теріде қажетсіз дақтар пайда болуы мүмкін.
фото: muzoktcrb.ru
Үй жағдайында да мүмкіндіктер көп
*Күріштен жасалынған «мұз» пигментациямен күресу үшін тамаша тәсілдердің бірі. Бұл мұзды дайындау үшін сізге 2 ас қасық күріш қажет. Осы күрішті жарты литр суда қайнатыңыз. Күріш әбден езіліп піскен соң, тек суын бөліп алыңыз да салқындатыңыз. Одан соң мұздатқыштың арнайы мұз текшелеріне құйып, қатыру керек. Осы мұз текшелерімен бет терісін күн сайын таңертең сүрту керек. Тұрақты түрде қолданылған бұл емдеу қажетсіз дақтарды кетіруге көмектеседі.
* Пигментацияны қияр немесе лимон маскалары арқылы да кетіруге болады. Оларды бөлек немесе біріктіріп пайдалануға болады.
* Құлпынай мен қарақат ботқасын дақтарды кетіру үшін 20-25 минутқа бетіңізге жағу да көмектесуі мүмкін, бірақ бұл масканы үнемі жасау керек екенін есте ұстаған жөн.
* Сүзбеден дайындалған 10 процедура қажетсіз дақтардан арылуға және теріңізді ағартуға көмектеседі.
* Қара ақжелкеннің тұнбасы да бұл мәселені шешуге көмектеседі. Бір ас қасық кептірілген гүлдер бір стақан қайнаған сумен араласып, тұндырылады. Майлықты ерітіндіде ылғалдандырып, қартаю дақтары бар теріге жағыңыз. Процедура күн сайын қайталанады.
Көбінесе пигменттік дақтар егде жастағы адамдарда пайда болуы мүмкін, әсіресе бет пен қолда. Жоғарыда аталған процедуралардан басқа, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі олармен күресуге көмектеседі. Бұл күнделікті ысқылау арқылы қоңыр пигментті іздердің түсін кетіруге көмектеседі.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: