​Кірпікті де "емдеп" тұру қажет

0
1 577

Ол үшін не істеу керек?


​Кірпікті де

фото: avon-061.ru

Кірпіктің маңызды қорғау функциясын орындайтынын білетін боларсыздар. Яғни, кірпік көзімізді желден, күннен, шаңнан және жаңбырдан қорғайды. Атқаратын қызметіне қарамастан, оған күтім жасайтындар сирек екендігін мойындауымыз керек. Кірпік күтім көрмесе, қоршаған ортаның тигізетін кері әсері салдарынан әлсірейді және жұқарады, сынудың әсерінен қысқаруы да мүмкін. Кейде ұзақ уақыт бойы күтім көрмеген кірпік түсіп те қалады. Әрине, кірпіксіз адамның келбеті өзгереді. Ұзын әрі қалың кірпік көзіңізді айқындап, әдемі көрсетеді. Мұндай кірпікті кез-келген адам қалайтынын сөзсіз.


Ол үшін не істеу керек?

Кірпікті қалың, ұзын, әдемі және сау етуге әлбетте болады. Сау кірпікке қол жеткізу үшін үйде тиісті күтімді қамтамасыз етіңіз.

Заманауи технологиялардың арқасында барлығына оңай әрі тез қол жеткізуге болады, кірпіктерді қалың әрі ұзақ уақытқа созудың көптеген жолдары бар. Әрине мұның барлығы да белгілі бір уақытқа нәтиже береді.


Егер сіз кірпігіңізді өсіруді қаласаңыз, оларды қалпына келтіруге уақыт бөлуге тура келеді. Немесе уақтша әсер сыйлайтын кірпік бояуымен жүруіңізге тура келеді.

Қазіргі кезде косметикалық компаниялар үйде қолданылатын кірпіктерді күтуге арналған түрлі өнімдерді шығарып жатыр. Қызметкер, жұмысбасты әйелдерге бұл өте ыңғайлы, маска дайындау үшін уақытын жұмсауға құлықсыз әйелдерге де таптырмас мүмкіндік.


Кірпіктеріңіз жұқарып немесе қысқарып жатса, алдымен себебін дұрыс анықтауыңыз керек. Бұл денсаулыққа қатысты проблемалар болуы мүмкін (нашар тамақтану, невроздар, көз аурулары, дәрі-дәрмектердің жанама әсері, аллергия), мүмкін, сіз жай ғана сәйкес емес немесе стандартты емес макияжды қолданасыз.


Кірпікке күтім жасау, нығайту нәтижесі тек қана косметикалық күтімге ғана емес, сонымен қатар сіздің ішкі жағдайыңызға да байланысты.


Үй жағдайында әрдайым күтім жасаудың бір бөлігі ретінде кірпік күтімі де енуі керек. Кірпікке арналған күтімдерді кешкі уақытта, макияжыңызды жуып тастағаннан кейін жасағаныңыз орынды.

фото: supermodnaya.com

Ең қарапайым күтім - массаж. Өйткені көз айналасындағы қанайналым жақсарса, дәрумендерді қабылдауды қамтамасыз етеді және өсуді ынталандырады. Массаж үшін кірпікке арналған арнайы майды немесе май қоспаларын (кастор, зәйтүн, шабдалы) қолданыңыз. Әсерді күшейту үшін E, D, F дәрумендерін қосуға болады. Тек қана массажды асқан ептілікпен жасау маңызды, көз жанарына зақым келтіріп алмаңыз, майлардың көзге түсуінен сақтаныңыз.


Кірпікті үй жағдайында «емдеуге» болады

Үй жағдайында қарапайым, табиғи өнімдерді қолдану да жақсы нәтиже береді. Кірпіктерді нығайту және өсірудің қарапайым тәсілі - бұл кастор майы. Әр күні кешқұрым немесе аптасына кем дегенде төрт-бес рет кірпігіңізге кастор майын кірпікке арналған шөткемен майлаңыз.

Түнде аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін алдымен тексеріп көргеніңіз жөн. Кірпіктеріңіз жұқарып кетсе кірпіктің түбін бекемдеу үшін ошаған майы өте қолайлы.

Қызыл майды да қолданатындар бар. бірақ, сақ болыңыз, бұл кез-келген адамға бірдей сәйкес келе бермейді. Өйткені, ол қабақтың терісін тітіркендіреді. Шабдалы, теңіз шырғанағы, бадам майы - өсімді ынталандырады, нығайтады.

Осы аталған майларды араластырып, дәрумендер қосу арқылы маскалар жасауға болады немесе дайын рецепттерді пайдалануға болады.

Бірдей пропорцияда кастор майы, теңіз балдыры мен шырышты маймен араластырыңыз және А дәруменінің бірнеше тамшысын қосыңыз. Жылдам нәтиже береді.

Алдын ала қыздырылған бадам майына мақта тампонын батырып, 10-15 минутқа кірпіктерге жағыңыз.


Кірпікті нығайтуға арналған құралдар:

Бір ай бойы ұйқыға жатар алдында алоэ шырынын, кастор майы мен Е дәруменінің қосындысын қолданыңыз. Немесе кастор, зәйтүн және бадам майы, балық майы және Е дәруменінің майын ерітінділері тең мөлшерде қабылданады.

Маскалардың құрамы сіздің қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізге байланысты өзгеруі мүмкін. Ең бастысы - сіздің теріңізге ешқандай кері әсер тудырмайтын, аллергия тудырмайтын өнімді таңдап алсаңыз болғаны.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетке арналған ДӘРУМЕНге бай ҚЫСТЫҚ маскалар


Қыс мезгілінде бетіңіз СҰЛУ және ТЕГІС болсын десеңіз