​Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалды жылдам басатын "жаттығулар"

0
268

Жаттығуларды ерлі-зайыптылардың екеуі де жасауы тиіс.


​Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалды жылдам басатын

Ерлі-зайыптылар арасында кей кездерде ұрыс-керіс, келіспей қалу секілді жағдайлар болып тұрады.Ондай кезде мәселе ушығып кетпес үшін төмендегі жаттығуларды жасап көріңіз. Ашуланбай, өз-өзіңізді ұстай білуге, басқаруға жақсы көмектеседі.


Ең жарқын естеліктер

Жаттығудың мақсаты: ерлі-зайыптыларға өз өмірлеріндегі, бала кезден бастап отбасылық өмірлеріндегі барлық керемет, тәтті, жарқын кездерді еске түсіруге көмектесу.

Жаттығу мазмұны: ерлі-зайыптылар әрқайсысы өзінің балалық шағындағы ең бір есте қалған керемет кезді еске алып, ол дәл қазір болып жатқандай көз алдына елестетуі керек.

Естеліктерді дауыстап айтып жазып алыңыз немесе қағазға жазыңыз. Жазғаныңызды оқығанда, қайта тыңдағанда әрбір сөзіңізді сараптап отырыңыз. Сөзіңіздегі әр іс-қимылыңыз басты мақсатыңызды және оның маңызын көрсетеді.

Мұндай сараптама әр адамның өз-өзін тыңдай білуіне, естуіне көмектеседі. Ал естеліктің мазмұны дәл сол сәтте адамды не нәрсе қатты мазалап тұрғанын түсінуіне көмектеседі.


Аяқталмай қалған ұсыныстар

Жаттығудың мақсаты: ерлі-зайыптыларға өз сезімдерін, ойын, іс-әрекетін сезінуге, бір-біріне деген эмоциясын көрсетуге көмектесу. Жағымсыз эмоцияны жақсы етіп, уайымды позитивті етіп жеткізуге үйрету.

Жаттығуды ерлі-зайыптылардың екеуі де жасауы тиіс. Ол үшін бір-біріңізге қарап отырып, ойыңызға келген, айтылмай қалған ұсыныстарыңызды кезектесіп айтып отыру керек. Мысалы:

  • Егер менің батылдығым жетсе...
  • Менің бұлай өзгеруіме негізгі себеп...
  • Мен махаббатымды... көрсетемін
  • Мен ашуланғанда...

Тек, бұл жерде айтылған сөзді талқылап, сын тағуға болмайды. Барлық сөздерді айтып болған соң, оны өзгертіп айтып көріңіз. «Мен жақсы күйеу немесе әйел болуым керек дегеннің орнына», «жақсы әйел немесе күйеу былай жасайды».


Жолдасыңызды қалай дұрыс тыңдап, ести білу керек

Жаттығу мақсаты: жолдасыңызды тыңдап, естуге үйрену. Көбіне адамдар өзара сөйлескен кезде сөзге аса мән бермей, қандай жауап қайтаратынын ойланып отырады. Адам өз-өзімен іштей диалог құрып отырғанда, қасындағы адамға аз көңіл бөледі, оны анық естіп, тыңдай алмайды. Ал бұл дұрыс шешім жасауға кедергі келтіреді. Негізі, кез келген әңгімелесу кезінде назар аударып, мән бере қарайтын нәрселер жетерлік. Мысалы, сөйлеп жатқан жанның дауыс ырғағы, бет әлпетіндегі өзгеріс, өткен күндерден естеліктер айту, болашаққа болжам жасау.

Бұл жаттығуда да ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап отыруы тиіс. Олардың бірі дұрыс деп санайтын пікірін айтуы керек. Ал екіншісі ойын айтқан жолдасының сөзін дәл ме дәл, тіпті мимикасы мен іс қимылына дейін қайталауы тиіс. Кейін рөлді ауыстыру керек. Жаттығуды орындап жатқанда барынша жолдасыңыздың жағдайына кіруге, сізге жеткізгісі келгенін ұғуға тырысыңыз. Бұл қиын жаттығулардың бірі. Себебі, екеуіңіз бір сөзді екі түрлі мағынада айтуыңыз мүмкін. Сонымен бірге, мұқият тыңдамаған кезіңіз бен жағдайды толық тыңдап отырғандағы айырмашылығын саралап көріңіз.

Негізі, жолдасыңызбен қарым-қатынаста мына ережелерді ұстанған дұрыс:

  • Айтқанын мұқият, толық тыңдап алуға тырысыңыз
  • Айтқанын ұққаныңызды тексеріп алыңыз. Ол үшін айтқанын өзіне қысқаша қайталап беріңіз. Дұрыс түсіндім ба деп сұрап алыңыз.
  • Бір ауыз сөзден не айтатынын алдын ала болжамаңыз
  • Баға беру үшін емес, түсіну үшін тыңдаңыз
  • Екіұшты айтылған сөзді сұрақ қойып, анықтап, нақтылап алыңыз


«Отбасы ережелері» жаттығуы

Жаттығудың мақсаты: отбасының жайлылығын орнықтыру үшін өзекті, тиімді ережелер орнату.
Ол үшін ең алдымен отбасы мүшелерін жинап, отбасыңызда қандай ережелер бар екенін сұраңыз. Шатасып кетпеу үшін ережелерді дәптерге жазып қойсаңыз да болады. ережелерді жазғанда оның дұрыс, бұрыстығын, қаншалықты орындалып жатқаны туралы артық әңгіме қозғаудан аулақ болыңыз.

Отбасындағы ережелер анық, түсінікті болғанымен ондағы әрбір жан оны әртүрлі қабылдауы мүмкін. Жаттығу осыны анықтауға көмектеседі. Отбасы мүшелерінің кейбірінің түсініксіз әрекеттерінің себебі анықталады. Сондықтан, отбасындағы ережені орындамайды деп ашуланудан алдын, оны барлығы дұрыс түсініп, қабылдады ма, соны анықтау керек.

«Сенің және менің сезімдерім» жаттығуы

Жаттығудың мақсаты: отбасы мүшелерінің сезімін білу.

Қолыңызға қарындаш алып сурет немесе таңба арқылы отбасындағы әрбір жанды, өзіңізді де қоса бейнелеп шығыңыз. Егер сурет салу қиын болса, онда жай ғана аттарын жазып шығуға болады. Ішіндегі уайымын, күйзеліс, реніш, қобалжуын айтпайтын немесе мойындамайтын жандарды қызыл қарындашпен белгілеңіз және сол жанның ондай сезімі кімдерге көбірек әсер ететін болса, онда сол есімге қарай қызыл жолақ жүргізіңіз.

Егер қажет деп тапсаңыз, онда отбасындағыларға жазғаныңызды көрсетіңіз. Мұнан шыққан диаграмма отбасы мүшелерінің ішіндегісін ашық айтбай жасыруы кімге көбірек әсер ететінін көрсетеді.

Мысалы, үйдің ата-ана сияқты беделді мүшелері ұялғанын, ашуын немесе қызығушылығын ашық айтпай жасыратын болса да, бұл бәрібір үйдегі ахуалға әсер етеді. Отбасының өзге мүшелері жағдайды өздігінше пайымдап, қабылдайды. Сонымен үй ішінен береке қашып әркім өз-өзімен бола бастайды. Бұл көбіне балаларға ауыр әсер етеді.

«Мен неден қашамын» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: ерлі-зайыптылардың бір-біріне ашық, сенімді болуына ықпал жасау.

Ерлі-зайыптылар 5 минут ішінде «мен неден қашамын» деген сөзден басталатын тізім жазып шығу керек. Бұл әңгіме, сезім немесе адамдар, іс-әрекет, көзқарас, пікір болуы мүмкін. Мұны өз-өзіңізді кіналамай, өзгелердің не ойлайтынын ойға алмай жазып шығу керек. Бастысы, барлық адамның бір нәрседен қашатынын, ұнатпайтын нәрселері бар екенін түсіну. Бұл жаттығу адамның өз өміріне қаншалықты риза екенін анықтауына, ойлануына көмектеседі. Тізімді тек 5 минут ішінде үлгергенше ғана жазу қажет.

Әрине, бұл ерлі-зайыптыларға өз әрекеттерін өзгертуге міндеттемейді және қандай да бір нәрседен қашуға үйретпейді. Тек, адам өзінің неден қашатынын білген кезде жағдайды өзгертуі оңайға түседі, өзіне не кедергі екенін білгенде, оның қайдан шыққан мәселе екенін тез түсіне алады.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.