​Мына ЕРКЕКТЕР мықты ОТБАСЫН ҚҰРА АЛАДЫ

0
2 190

Жақсы ер азамат жұбайын құрметтей біледі.


​Мына ЕРКЕКТЕР мықты ОТБАСЫН ҚҰРА АЛАДЫ

Бақытты отбасын құру үшін тек қана махаббат жеткіліксіз. Ол үшін әр адам өзімен жұмыс істеуге дайын болуы керек. Әйел адам ер азаматынан жауапкершілік күтеді, мақсатының айқын болғанын қалайды.


Мықты отбасын құратын ер-азамат қандай болуы керек?

Нағыз ер азамат – ақылды, талапшыл, сенімді, дербес жан. Ол өзінің көшбасшы қасиетін көрсетіп, нәтижеге жетуге талпынады, әрдайым сөзінде тұрады, жақындарына қамқор, өзін және айналасындағы жандарды құрметтей біледі. Өзінің қателігіне күле қарап, дамуын тоқтатпайды.


Сенімділік және жауапкершілік

Неке – сүю мен құшақтаудан ғана тұрмайды. Кейде ол ерлі-зайыптылардың бірінің құрбандыққа баруын, келісімге келуін қажет етеді. Себебі тағдырды болжап болмайды, кейде бәрі жоспарлағандай, ойлағандай бола бермейді. Бірақ қандай қиын жағдай болмасын ер-азамат әйелінің жанынан табылуы керек. Оның басты міндеті жан-жақты қолдау көрсетіп, қажет жағдайда мәселені шешуді өз қолына ала білу.


Кемшіліктерге көз жұма қарау

Әр ер азамат әйелінің жақсы қасиеттерін бағалай біледі. Бірақ, сонымен бірге кемшілігін де қабылдауы тиіс. Әйел күйеуінен өзінің шынайы бет-бейнесін жасырмауы керек. Әйелінің шынайылығын қабылдай білетін, кемшіліктеріне көз жұматын еркектердің отбасы берік болады. Әйел ешқашан кейбір кемшіліктері немесе қылығы үшін өзін кінәлі сезінбеуі керек.


Сыйластық

Жақсы ер азамат жұбайын құрметтей біледі. Отбасы дегеннің кез-келген қиындықты бірге жеңетін команда екенін түсінеді. Әйелінен құндылығы жоғары адамды көреді. Жұбайының ойын, пікірін құрметтейді. Таңдауына қолдау білдіре алады.


Жолдасының пікірі мен шешіміне құлақ асу

Ер адам өзін басшы сезінуге бейім келеді. Сондықтан көп ретте өз шешіміне ғана басымдық береді. Алайда отбасындағы қарым-қатынас – серіктестік. Ол жерде серіктестің пікіріне де құлақ асуға тура келеді. Отбасының беріктігін қалайтын азамат әйелімен ақылдаса отырып шешім қабылдайды. Пікірімен санасатынын, ескеретінін жеткізеді.


Ашық болу

Әйел жолдасымен қысылмай, еркін, кез келген тақырыпта сөйлесе алуы керек. Отбасы құрғаннан кейін де кейде мәселе туындап, кедергілер кездесіп жатады. Сондай сәттерде әйел өзінің ішкі сезімін, ашуын, көңілінің түскенін жолдасынан жасырмауы тиіс және ойындағысын айтуға қорықпауы керек. Жақсы ер азамат жұбайының ашуына, аяқ асты өзгеретін көңіл күйіне, түсінбей қалатын кездеріне дайын жүреді. Ондай кезде ашық сөйлесіп, мәселені талқылап бірге шешкен дұрыс.


Берік отбасын құруға кедергі келтіретін қасиеттер

Отбасының берік болуы көбіне ер азаматқа, оның қасиеттеріне байланысты болады. Некені сақтап, жақсы отбасын құру үшін ер азаматтарға кейбір дағдылардан арылуға тура келеді. Отбасылы ер азамат қандай болмауы керек?


Жауапкершілік

Әйел өзінің азаматына барлық кезде, кез келген жағдайда сене алуы керек. Егер ер азамат жұбайына уәде берсе, мүмкіндігінше орындауға тырысып, сөзінде тұрғаны дұрыс. Олай болмаған жағдайда әйелдің көңілі қалып, біртіндеп күйеуінен көмек, қолдау, қорғау күтпейді. Бәрін өзі істеуге тырысады немесе көмек қолын созатын, қодайтын жан табады.


Эмоционалды тұрақсыздық

Сарапшылардың пікірінше отбасылы ер адам салқынқандылығын ұзақ уақыт сақтай алмайды екен. Болып жатқан жағдайға сабырлы жауап қайтара алмау, реніш, ашулану – бұл жағдайларға әйел баласы ұзақ уақыт шыдай алмайды.


Сыйластық танытпау

Көптеген ер азаматтар әйелді болмашыға жылай салады, «түймедейді түйедей етеді» деп түсінеді. Мұндай бағалаумен жұбайының уайымын, сезімін, ойын жоққа шығарады. Бақытты отбасы болуды қалаған ер азамат мұндайға жол бермейді.


Шыдамсыздық

Шыдамдылық – жақсы ер азаматтың негізгі қасиеттерінің бірі. Шыдамсыздықтың соңы ерлі-зайыптылардың ренішіне алып келеді.


Сын айту

Тамақтың дәл уақытында дайын болмауы, киімнің жуылмай қалуы ер азаматтың наразылығын тудырады. «Үнемі осындайсың», «сен-ақ осылай жүресің» тағы да басқа бітпейтін сын сөздер әйелді жақсы жаққа өзгертпейді, керісінше көңіл күйін түсіріп, ара қатынастың салқандауына алып келеді.


Бар жұмысты әйелге арту

Әрине ерлі-зайыптылар бар жұмысты бірге жасап, 24 сағат бір-бірінің қасында болуы шарт емес. Дегенмен ер азамат бар жұмысты әйелдің мойнына артып та қоймауы керек. Отбасының бақытын сақтау үшін ер азамат үй тірлігіне қолғабыс еткені дұрыс.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Баланы ұрмау үшін: ашуланғанда жата қалыңыз