Сүндет тойда БҮРКІТ, ҚАСҚЫР және ИТ жетектеу сәнге айналды ма? (ВИДЕО)

0
4 256

Ал оның бағасы қанша? Көпке осы жағы қызығырақ секілді...


Сүндет тойда БҮРКІТ, ҚАСҚЫР және ИТ жетектеу сәнге айналды ма? (ВИДЕО)

суреттер: инстаграмдағы бейнежазбалардан скриншот

Қазақта қазына аталып кеткен тойларда бүгінде жаңалықтар көп. Осыдан біраз бұрынырақта сүндет тойларға (мейрамханада) баланы атқа отырғызып (түйеге мінгізіп шығарған сәттер де кездеседі) алып шығудың өзі таңсық болса, қазір үйлену тойына қалыңдықты тікұшақпен әкеліп жатқандар да бар.

Той ұйымдастырушылар да жаңалық ойлап табудан шаршаған емес. Соңғы кезде сүндет тойға баланы қыран бүркіт, арлан қасқыр немесе жүйрік тазымен бірге алып шығатын көрініс ойлап тауыпты.


Иә, тап осы инстаграм парақшасында көрсетілгендей, той иесін осынау құрметпен алып шығу сәнге айналыпты соңғы кезде. Әрине, мұндағы қасқыр тек тұлып қана. Ал қыран бүркіт - тірі, кәдімгі шынайы құс.

Айтпақшы, мұның тағы бір түрі бар. Онда тойы болып жатқан баланы таққа отырғызып, оған "қызмет етушілер" мол байлықтың, тектіліктің сән-салтанатын көрсеткендей, ұлттық киімдегі 5-6 жігіт бірі қыран бүркітті қолына қондырып шықса, енді бірі жүйрік тазы итті жетектейді. Тап осылай той төріне шығады.

Әрине, әлеуметтік желіде жарияланған соң мұндай бейнежазбаларға жазылған пікірлер аз емес. Желі қолданушыларының біразы "ысырап, шашылу" деп санаса, көпшілігін мұның бағасы қызықтырыпты. Расында, тап осындай қыран бүркіт, арлан қасқыр, жүйрік тазы ұстап, баяғының бекзадаларындай салтанат құрып көпшілік алдына шығудың құны қанша?

Той ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқы бейжазбадағыдай баланы қасқыр тұлып, қыран бүркіт қондырып тақ үстінде найза ұстатып шығудың бағасы 100 мың теңге көрінеді.

Ал бүркіт пен тазы жетектеген жігіттер мен таққа отырғызу 50 мың теңге жобасында екен.