Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен жігіт пен қызды құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото: www.inform.kz
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен жігіт пен қызды құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
21 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушыларына тауда адасып кеткен 17 жастағы қыз бен жігіт туралы хабарланған. Олар кешкісін қалың тұман түскендіктен қайтар жолды таппай қалған. Жастар телефон арқылы өздерінің нақты қай жерде екенін айта алмаған, оның үстіне түнгі уақытта іздеу жұмыстары қиындай түскен. «Бүгін, 22 наурыз күні сағат 10:30-да Қазығұрт ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Қазығұрт тауында адасып жүрген жастарды тауып, туыстарына жеткізді», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.