​Арыс қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

0
1 895

Жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып,арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.


​Арыс қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңындажергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерініңжәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауарөндірушілер, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарынабазар нарқынан30 пайызғатөмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдылықтарына сәйке сөндіріліп, жинақталған.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілетін ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып,арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі