Мәлімет үшін, Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 дара кәсіпкерлер және 65 465 жеке тұлғалар бар.
ERNUR.KZ. Арыс қаласының салық төлеушілеріне салықты мәжбүрлеп өндіру шаралары мен тәсілдері қолданылмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәлімет үшін, Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 дара кәсіпкерлер және 65 465 жеке тұлғалар бар.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілері үшін салықтық каникулдар ұсынады. Аталған шара Премьер-министрдің Арыс қаласының тіршілігін қалыпқа келтіру және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі комиссия отырысында атап өткен тапсырмасында көзделген.
Салықтар бойынша берешектері бар салық төлеушілерге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар қысқа мерзімде және жеңілдетінген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне сәйкес, кейінге қалдыру салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, алты айдан аспайтын мерзімге беріледі, ал мерзімін ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
Атап өту қажет, Арыс қаласының салық төлеушілері кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды алу кезінде өсімпұлдарды есептеуден босатылады.
Сонымен бірге, Арыс қаласының барлық салық төлеушілеріне мүмкіндіктер қарастырылған:
- дара кәсіпкерлер категориясының жекелеген қызметтерін жеңілдетілген тәртіппен тоқтату;
- салықтық есептілікті тапсыруды ұзартуға құқық беру (1 айға дейінгі мерзімге ұзарту мүмкіндігі);
- салықтық есептілікті тапсыруды тоқтату (ұзарту, қайта бастау);
Осындай салық төлеушілерге салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылмайтын болады, салықтық берешектті өтеу туралы хабарламалар жіберілмейді, салық төлеушілердің (салық агенті) банк шоттары бойынша, касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды, салық төлеушілердің (салық агенті) мүлікке иелік етуіне шектеу туралы шешім шығарылмайды, салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды.
Одан бөлек, Комитет барлық шығатын салықтық тексерулерді тоқтатады, сонымен бірге, басқа да салықтық бақылауларға шектеу қояды.