Биылға қала бюджетінен 250 млн. теңге бөлініп отыр. Қаражатты игеруге кіріскен мердігерлер 500 метр жағалауды бетон құюға дайындап жатыр
ERNUR.KZ. Бадам өзенінің екі жағалауын абаттандыру жұмысының екінші кезеңі қайта басталды. Бұл жолы мердігерлер Мұнай өңдеу зауыты маңынан Қаратөбе елді мекеніндегі көпір аралығын бетондайтын болады, деп жазады Otyrar.kz.
Буырқанған асау өзеннің екі жағалауын абаттандырудың екінші кезеңі 2014 жылы басталды. Осы уақыт аралығында мердігерлер өзен жағалауының 5 шақырымын бетондап үлгерлен.
Жоспар бойынша құрылыс толығымен 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын, Ол 1 шақырым 700 метрді құрайды .Алайда қаражаттың тапшылығынан нысанды тапсыру мерзімі шегеріліпті. Биылға қала бюджетінен 250 млн. теңге бөлініп отыр. Қаражатты игеруге кіріскен мердігерлер 500 метр жағалауды бетон құюға дайындап жатыр
Үмбетәлі Артықбаев, шебер: «Мұнай өңдеу зауыты жағындағы 5 шақырым жерді бетондап қойдық 2 млрд. 500 млн. теңгені игердік”.
Естеріңізге сала кетейік, құрылыстың бірінші кезеңі 2013 жылы яғни, осыдан алты жыл бұрын аяқталған. Ол кезде Ташкент бағытындағы көпірден Қаратөбе елді мекеніне қарай 3 шақырым өзен жағалауы бетондалып абаттандырылды. Көкмайса егілді, жиекшамдар орнатылып, орындықтар қойылды .Бұл жолы шаһар басшылығы басты назарды тек бетондау жұмыстарына бөліп отыр екен,
Ердаулет Ізбасаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы: “Біз құрылыстың бірінші кезеңінен үлкен сабақ алдық. Себебі көпшіліктің серуендеп демалатын орындарына қойған элементтер қиратылды. Енді басты көңілді оған аударған жоқпыз».
Өзен жағалауын абаттандыру барысында су тасқынының алдын алу үшін 7 бөгет және көпшіліктің қатынасына 5 көпір салынады. Жұмысшылары мен техникалары сақадай сай мердігерлер қаражат қаншалықты уақытылы бөлінсе нысанның қолданысқа тапсырылуы да соған байланысты деп отыр. .