Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан

0
2 470

Кене шағуға қатысты жағдайлардың басым бөлігі малы бар үйлерде тіркелген


Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан

ERNUR.KZ. Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан, деп жазады ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Кене шағуға қатысты жағдайлардың басым бөлігі малы бар үйлерде тіркелген. Дей тұрғанмен ауылшаруашылығы саласының басшысы Серік Тұрбеков бұл орайда басқарма жұмысына кінә артуға болмайды дейді. Себебі, бұл құрылым кене жайламас үшін малдарды, қора-қопсылар мен суаттарда өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Серік Тұрбеков, Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: «Улы жәндіктер саябақтар мен шомылу алаңшаларында да жиі кездеседі. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 387 жағдайға көбейіп отыр. Ойланатын мәселе. Қазір біз жауапты мекемелермен жұмыс істеп жатырмыз» , - дейді.

Айта кетейік, былтыр конго-қырым қанды қызбасын туғызатын кенелер 8 адамды шағып, оның екеуі қайтыс болған. Биыл жәндіктердің осы түрінен зардап шеккен 4 адамның бірі көз жұмған.