Инкассторлардың өлімі: Күдікті қанды қылмысқа кредитін жабу үшін барған

0
1 393

38 жастағы бес балалы күдіктінің екі бірдей несиесі бар көрінеді.


Инкассторлардың өлімі: Күдікті қанды қылмысқа кредитін жабу үшін барған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арыс ауданында инкассаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдікке ілінген азамат Арыс аудандық сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Күдікті кредитін жабу үшін қылмысқа барған көрінеді.

Арыс ауданында инкассаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдікті 2007 жылдан бері "Қазпошта" мекемесінде жұмыс істеп келген. 38 жастағы оның бес баласы бар. Екі бірдей банктен несиесі бар көрінеді.

Қарызға белшеден батқан көпбалалы әке инкассаторларды тонап, берешектерінен құтылмақ болған. Кезекті еңбек демалысында жүрген 1981 жылғы экс пошта қызметкері әріптестерінің қомақты қаржы әкеле жатқанын біліп алдарынан әдейі шығып жеткізіп тастауды сұраған.

Қандықол әріптесінің қолынан қаза болған инкассаторлардың бірі 53 те болса, екіншісінің жасы 28-де.

Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іске қатысы тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің үш бірдей бабы бойынша айып тағылған.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Арыс ауданында зейнетақы таратуға шыққан инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, мәйіттері табылған болатын.