Команда 11 жүлдеге қол жеткізді.
Түркістан облысының құрама командасы Қазақстанның академиялық есудегі командалық кубогына ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бас жаттықтырушы М. Ковалевтің басшылығындағы өңірдің спортшылары алғаш рет ұпай саны бойынша Қарағанды облысының ескек есушілерінен басым түсті. Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервін дайындау бойынша мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің тәрбиенушілері үшін бұл жарыс триумфалды болды.
Команда 11 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 3- алтын, 5-күміс, 2 қола. Ал, қорытынды есеп бойынша Түркістан облысы 1 орынға ие болып, 485 ұпай жинады. 2 орын Қарағанды облысы - 428 ұпай. 3 орын Нұр-Сұлтан- 393 ұпай. 4 орын Батыс Қазақстан облысы - 85 ұпай. 5 орын Павлодар-17 ұпай жинады.