Акция барысында киелі орындарда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды.
«Киелі мекен» апталығы Сайрам ауданында жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы Сайрам ауданында өз жалғасын табуда. Арыс ауыл округіндегі «Темір баба» кесенесі маңына тазалау жұмыстары жүргізілді. Акция барысында киелі орындарда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды.
Скверлер аумағындағы ағаштар әктелді. Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында жалпы саны 50 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сенбілік жұмыстарына аудан жастары мен белсенді еріктілер қатысты.