ERNUR.KZ. Лайға батып, тіпті төбесіне дейін балшыққа малынған темір тұлпарын қолмен жуған жас жігіт желінің жұлдызына айналды. Көлігін жуып тұрған оны әлдекім видеоға түсіріп алған. Видеоға қарап күлкісін тыя алмаған жігіт ашуын да жасырмайды.
ERNUR.KZ. Лайға батып, тіпті төбесіне дейін балшыққа малынған
темір тұлпарын қолмен жуған жас жігіт желінің жұлдызына айналды. Көлігін жуып
тұрған оны әлдекім видеоға түсіріп алған. Видеоға қарап күлкісін тыя алмаған
жігіт ашуын да жасырмайды. Шымкентшелеп бейәдеп сөздерді де жаудырған ол
алдымен көлігінің алдыңғы әйнегін шүберекпен сүртеді. INSTAGRAM желісінде @vkentau деген аккаунтпен
тіркелген қолданушы бұл видеоны өз парақшасында жүктеген. Бұл оқиғаның
еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз, тек видеоны желіге алғаш болып жүктеген
қолданушы мекенжайын Кентау қаласы деп көрсеткеніне қарағанда бұл Оңтүстік
Қазақстан облысында орын алған деген болжамға келдік. Оның үстіне көлігін жуған
жігіттің бейәдеп сөзі де шымкентшелеп айтылады....
Айтпақшы, желі арқылы тарап кеткен видеоны көргендердің көпшілігінің жігітке жаны ашып, жаңбыр жауса елді азапқа салатын еліміздегі ойдым-ойдым жолдар қашан жөнделер екен деп пікір қалдырса, енді бірі балшыққа толы жол бойына көлігін қалдырған жігіттің өзін кінәлап әлек болды.
Видео: желіден алынды