Нәзік жандыларға тосын сый жасаған шымкенттік полицейлер жарады (видео)

0
2 303

Қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күні мерекеcімен ерекше құттықтаған шымкенттік полицейлер көпшіліктің таңданысын тудырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Нәзік жандыларға тосын сый жасаған шымкенттік полицейлер жарады (видео)

Қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күні мерекеcімен ерекше құттықтаған шымкенттік полицейлер көпшіліктің таңданысын тудырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық әкімдігі мен қалалық Жергілікті полиция қызметі әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше құттықтау шарасын ұйымдастырды. Яғни, «Наурыз» алаңында бір топ тәртіп сақшыларының қатысуымен флешмоб өтті. Онда полицейлер патрульдік полиция қызметтік көліктерін сегіз саны бейнесімен қойып, оның жанына қызметтік форми киген олар «наурыз» сөзін бейнелеп қаз-қатар тізіліп тұра қалады. Нәтижесінде 8 наурыз сөзі шыққан. Бұл көріністі кәсіби түрде видеоға түсірген ұйымдастырушылар оны желіге салған. Бұл қолданушылар арасында танымалдыққа ие болған құттықтау роликтерінің бірі болды.

Ерекше құттықтауды көрген желідегілер тәртіп сақшалыраның тың идеясына риза болып, тіпті таңданыстарын да жасыра алмады. «Қандай тамаша!!! Рахмет!», «Жарайсыңдар, неткен тамаша. Рахмет», «Керемет әсер қалдырады екен. Бізді тек мереке қарсаңында емес, күн сайын осылай қуантып жүре беріңіздер», «Өте керемет, қатты ұнады. Алла разы болсын», «Құттықтауларыңыз үшін алғысым шексіз», «Шымкенттен көп нәрсе шығады», «Үнемі Шымкент бірінші орында ғой. Жарайсыздар» деп пікірлерін қарша боратқан желідегілер арасында "әйелдерге бүгін жол жүру ережесін де бұзуға бола береді" деп өзара қалжыңдасқандары да табылды. Ал кейбірі көпшіліктің таңданысын тудыруға барынша тырысқан тәртіп сақшыларын «Еріккен бұлар да. Жұмыстарын жасамай ма одан да?» деп сынның астына алды. Дегенмен, бұл сыни пікір өзгелердің көңілін түсіре қоймады. Форма киген шенділерге алғысын жаудырып жатқан нәзік жандылар қауымының санында шек жоқ.

Видео: желіден алынды