ОҚО-да бизнестің бүгінгі халі сөз болды

0
1 278

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, ОҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған шаралар жоспары» тақырыбында бизнес өкілдерімен кездесу өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кәсіпкерлерге ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту шеңберінде бизнес-климатты жақсарту үшін жетістіктер, реформалар мен саясат туралы толық және жан-жақты ақпарат берілді.

Ұлттық экономика, инвестиция және даму, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, әділет министрліктерінің өкілдері мен ҚР «Атамекен» ҰКП, ҚР Жоғары соты және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері аймақтық кәсіпкерлері қатысты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП 2017 жылдың ішінде меркетинг бойынша 15 596 қызмет көрсетілген. Оның ішінде 5 359 бизнес жоспар әзірленіп, маркетинг бойынша 10 237 консультация берілді. Сондай-ақ, отандық бизнес өкілдері арасында ақпаратты әрі қарай тарату мақсатында кәсіпкерлердің тауарды /өнімді не қызметті/ әзірлеу мен өткізуге қатысты оқиғаларының деректер базасы құрылады деді мамандар.

Жалпы 2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылды. Яғни 96 бизнес-жаттықтырушы еліміздің сексен ауданында азаматтарға кәсіпкерлік негіздерін үйреткен. Жобаға 15 мың адам қатысыпты. Оның ішінде 3314 адам – өз кәсібін ашты және ауқымын кеңейте алған.

Алдағы уақытта тиімді «Бастау Бизнес» жобасы жалғасын табатын болады.

ERNUR.KZ