ОҚО-да тағы да үшем дүниеге келді

0
2 698

​8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласындағы облыстық перинаталды орталықта өмірге үшем келді. Екі қыз, бір ұл. Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сайты жазады.


ОҚО-да тағы да үшем дүниеге келді

фото:okg.kz

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласындағы облыстық перинаталды орталықта өмірге үшем келді. Екі қыз, бір ұл. Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сайты жазады.

Балалардың анасы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір елдімекенінің тұрғыны Меруерт Айтматова отыз бір жаста. Ол сәбилерінің салмақтары әртүрлі екенін айтады. Бейбарыс – 3200, Іңкәр – 2400, Кәусар 1800 грамм болып туылыпты.

Үшемнің әкесі Бауыржан Лесбаев «Қызылсеңгір» жалпы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал, Меруерт химия пәнінен дәріс береді. Олардың үшемнен өзге Дінмұхаммед есімді 7 жасар ұлы мен Інжу есімді 4 жасар қызы бар.

- Қазір нәрестелеріме жоғары санатты балалар дәрігері Ұлшан Мұратова мен мейірбике Дільфуза Қоржынбаева қарауда. Сонымен қатар, облыстық перинаталды орталық дәрігері Әбдісаттар Құралұлы мен Қазығұрт ауданындағы орталық емхананың жоғары санатты дәрігері Ұлданай Сейілхановаға да айтар алғысым шексіз, - дейді Меруерт.