ОҚО аудандарының бірінде ТЖ жөніндегі қызмет басшысы делінген азамат тоққа түсіп мерт болды

0
1 081

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын үй алабының 41 жастағы тұрғыны сағат 13.30 шамасында электр желісінің құрбаны болды.


ОҚО аудандарының бірінде ТЖ жөніндегі қызмет басшысы делінген азамат тоққа түсіп мерт болды

ERNUR.KZ. Шымкентте 41 жастағы ер адам токқа түсіп тіл қаза болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын үй алабының 41 жастағы тұрғыны сағат 13.30 шамасында электр желісінің құрбаны болды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм ОҚО ТЖД аудандық бөлімдерінде басшылық қызметте болған.

Үйіне түскі үзілісте келген жігіт ағасы екінші қабаттағы бөлменің электр шамын ауыстырмақ болған. Абайсызда қолы электр желісіне тиіп кетіп, орындықтан құлап түскен. Жаны қалмай жетіп келген туыстары жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Ақ халаттылар 41 жастағы ер адамның өлі екендігін анықтады.