Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. теңгеге жеткен.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Отырар ауданына іссапарында аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жылы Отырар ауданындағы елді мекендерді газдандыру бойынша жоспарлы жұмыстар басталып, бүгінгі таңда 7 елдімекен тұрғындары табиғи газбен қамтылды. Бүгінде 20-дан астамелді мекенде газ тарату жүйесі жүріп жатыр. Қарқынды жұмыстар нәтижесінде Отырар ауданының 70 пайызы газбен қамтылатын болады.
Қазіргі таңда Отырар ауданында 55 мыңға жуық халық тұрады. Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. теңгеге жеткен.
Инвестиция көлемі 17 млрд. теңгені құрап, 154%-ға артқан. Егіс көлемі 35 мың гектарға жеткен. 200 га жуық жерден бірінші өнім жинау күтілуде. 17 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылды жерлерге газ беріліп, Балтакөл елді мекенінде мәдениет үйі салынды. Маяқұм елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп,
Отырар елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл да жұмыстар жалғасады.