Пара-жеңіл атлетикадан күміс жүлдегер елге оралды

0
1 126

Жүлдегер спортшыны Түркістан темір жол вокзалынан туған-туыстары мен облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының ұжымы күтіп алды.


Пара-жеңіл атлетикадан күміс жүлдегер елге оралды

«Гран-при Дубай 2022» турнирінде күміс жүлдегер атанған Шахрух Санвар елге оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүлдегер спортшыны Түркістан темір жол вокзалынан туған-туыстары мен облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының ұжымы күтіп алды.

«Пара-жеңіл атлетикадан 100 метр қашықтыққа жүгіруден Әлем чемпионатында 2-орын алдым. Дубайда өткен жарыс тартысты өтті. Қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Жеңісімді отбасыма арнаймын. Алдағы уақытта болатын спартакиада сайыстарында жүлделі орын алуға ниеттімін. Еліміздің атын шығарып, Көк туымызды желбіреткенімді мақтан тұтамын»,- деді Шахрух Алимжанұлы.
Бұған дейін ел чемпионы атанған спортшы Сауран ауданы, Шаға ауылдық округінде тұрады. ҚР-ның спорт шебері. «Сауран» спорт клубының спортшысы. 5 жылдан бері параспорт атлеті. Жеке бапкері - Арыстанбек Отаубайұлы.