Түркістан облысының полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Сайрам аудандық полиция басқармасы бірлесіп жүргізген жедел іс шара барысында күдікті тізгіндеген көлікті тоқтатқан.
Іздестіру кезінде полицейлер көліктің жолаушысынан марихуанаға ұқсас полиэтилен пакетіне оралған есірткі затын тәркілепті. Тағайындалған сараптама қорытындысына сай, табылған есірткі тектес заттың 2 кг марихуана екендігі анықталған.
"Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297 «Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта жинақталған материалдар айыптау актісімен соттың қарауына жіберілді"-деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.