​Шетелдік қонақ Наурыз мерекесін әр елде өткізуді ұсынды

0
1 637

Сонымен қатар, франциялық отандасымыз тіл мәселесінің де өте өзекті екенін жеткізіп, шетелдегі ұстаздар қатарын көбейту керектігін айтты.


​Шетелдік қонақ Наурыз мерекесін әр елде өткізуді ұсынды

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты арнайы жоба аясында Түркістан облысына келген шетелдік қонақтар өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында шетелдік отандастарымыз «Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» арнайы жобасына қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, өздерін толғандыратын бірқатар мәселелері мен ұсыныстарын да айтып өтті.

Мәселен, Франциядағы Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамының басшысы Яшар Динч мырза Наурыз мейрамын әр жылы әр елде өткізуге ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, бірлесіп өткізген ұлттық мейрамның шетелдегі қазақтар үшін салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауында маңызы зор болмақ.

Сонымен қатар, франциялық отандасымыз тіл мәселесінің де өте өзекті екенін жеткізіп, шетелдегі ұстаздар қатарын көбейту керектігін айтты.

Айта кетейік, «Отандастар» Қоры», Қоғамдық даму министрлігі және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы «Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» тарихи-танымдық экскурсияларыналдағы бес жыл ішінде еліміздің өзге де өңірлерінде жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Келесі ретте жоба Ақтау, Павлодар, Алматы және т.б. қалаларды қамтитын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, киелі жерлерді жақыннан танып, жіті зерттеу арқылы шетелдік қандастар тарихи отанының өткеніне үңіліп, еліміздің мәдениетіне, өнеріне және халықтық дәстүрлеріне жақындай түседі.

Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым» тарихи-танымдық экскурсиялар жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Жоба бағдарламасына «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» көпфункционалды виртуалды картасы нысандарымен танысу кіреді.

Аталмыш идея Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бұл бастаманы басымдық міндеттердің бірі ретінде белгілеген болатын. Қазір Қазақстанның тарихи жерлері тізіміне 185 жалпыұлттық және 500 өңірлік деңгейдегі нысандар енгізілген.