Алдын ала дерек бойынша, өртеніп жатқан сол маңдағы дәмхана мен оның артында орналасқан гараждар.
ERNUR.KZ. Шымкенттің орталық көшелерінің бірі - Республика даңғылы бойындағы облыстық департаменттер орналасқан ғимараттың дәл жанында алапат өрт орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алдын ала дерек бойынша, өртеніп жатқан сол маңдағы дәмхана мен оның артында орналасқан гараждар.
күәгерлер түсірген видео
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында бірнеше өртсөндіру техникасы мен мамандар жұмыс істеп жатыр. Тілі бірнеше метр жоғарыға жалақтаған жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған қосымша көліктер қала кептелісінен оқиға орнына кешігіп жатыр.
күәгерлер түсірген видео
Орын алған оқыс оқиға салдарынан жақын маңдағы көпқабатты тұрғынүйлер мен өрт ошағына жақын орналасқан мемлекеттік мекеме қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді.
Қаланың орталық көшесі - Республика даңғылы жабылды.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен әлі де күресіп жатыр.