Шымкентте алдымен криминалдық жағдайы қиын көшелер жарықтандырылмақ

0
1 397

Әлеуметтік маңызы бар 10 автобус бағыты бойынша мамыр айында конкурс ұйымдастырылады.


Шымкентте алдымен криминалдық жағдайы қиын көшелер жарықтандырылмақ

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжілісінде шаһар әкімнің халық алдында берген есепті кездесуінде жоспарланған міндеттемелердің орындалу барысы сөз болды. Тұрғындарды коммуналды қызметпен қамтамасыз ету, мектеп құрылысы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жоспарланған жұмыс аяқталса, халықтың 96 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі (қазір - 93%). Жекеменшік 18 трансформатор мәселесі шешіледі және «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС жекемекшік 13 трансформаторды ауыстырмақ. Бұған қоса көше жарықшамдарын ортану мәселесі де шешілуде. Мамандар бұл тұста алдымен шағынаудандардың жолаушылар ағыны көп жолдары мен әлеуметтік нысандар орналасқан, криминалдық жағдайы қиын көшелерді жарықтандырамыз деп отыр.

Сонымен қатар Шымкентте 7 жыл ішінде 55 жаңа білім ұясы бой көтермек. Мектепке барар жол қауіпсіз болу үшін жарықшамдар орнатумен қатар аяқжолдар құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін топырақ жолдардың мәслелесі де шешілуі тиіс.

Қазіргі таңда қаланың шалғай Текесу, Ақтас, Абдулабад тұрғын алаптарында қоғамдық көлік мәселесі толық шешілмеген. Осыған орай әлеуметтік маңызы бар 10 автобус бағыты бойынша мамыр айында конкурс ұйымдастырылады.

Айта кету керек, әкімдік өкілдері бұл бағыттардың шығындары бюджеттен субсидияланады деп мәлімдеді. Қазіргі таңда қаладағы автопарктерді жаңарту жұмыстары да жүргізілуде. Мысалы, «Т-bus» ЖШС шаһарға 30 жаңа автобус жеткізді, жыл соңына дейін 70 автобус әкелінеді.