Шымкентте жер үйде газ баллоны жарылды. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, үйдегі 60 жастағы қарт кісінің беті мен аяқ қолы қатты күйіп қалған. Күйік шалған азаматты жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді,-деп хабарлайды otyrar.kz.
фото: otyrar.kz.

Куәгерлердің айтуынша 50 л газ баллон үйдегі бастырманың астында тұрған. Газ баллон бірден жарылып, ас үйдің төбесі опырылып түскен. Қазір өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр.
ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің мамандары "Үйдің ауласында көлемі 150 ш.м бастырмасының астында тұрған 50 л газ баллонынан газ шығып нәтижесінде ауада газ жиналып, жарылыс болған. Оқиға салдарынан 1957 жылы туылған азамат зардап шекті. Оған медициналық көмек көрсетілді",-деді ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің мамандары.