Шымкентте мас халде көлік жүргізген азамат екі адамның өліміне себепші болды

0
1 131

1962 жылғы азамат пен 1961 жылғы азаматша, яғни жүргізушінің туған інісі мен жұбайы оқиға орнында қаза тапты.


Шымкентте мас халде көлік жүргізген азамат екі адамның өліміне себепші болды

2018 жылдың 26 наурызы күні Алматы –Ташкент –Термез тас жолының Шымкент қаласына қарасты аумағында мас халде болған 1960 жылғы азамат өзінің басқаруындағы маркасы ВАЗ-21074 автокөлігімен екі адамды қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 1962 жылғы азамат пен 1961 жылғы азаматша, яғни жүргізушінің туған інісі мен жұбайы оқиға орнында қаза тапты.

Оқиға орнына жеткен ОҚО ІІД-нің жедел-тергеу тобы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сараптамалар тағайындады.Күдікті қамауға алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүруде.

дереккөз: ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы