29 наурыз күні Шымкент қаласында ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен "Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мбадарламалы мақаласы аясында "Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары" тақырыбындағы облыстық семинары өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сондай-ақ, Облыстық семинар Тарихи-Өлкетану мұражайында да жалғасын тапты. Еске сала кетейік, 15-ақпан күні Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастаған болатын. 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасын табатын көрмеде "Елбасы қызметінің хроникасына" шолу жасалынды. Сонымен бірге, шетел президенттерінің Қазақстан мәдениеті мен Елбасымызға берген 40-қа жуық наградаларды тамашалады.
Арнайы кітапхана мен филиалдар кітапханашылары, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қызмет жасайтын арнайы мамандар, дефектолог, тифлолог мамандары құрайтын топ "Қазына" этно-мәдени саябағына да сапарын жалғады. Рухани азықтанған филиал кітапханашылары басқосу соңында айлық және тоқсандық есеп пен жоспарларын тапсырды.
Жансая Алпамысова
ERNUR.KZ