Шымкентте зейнеткердің баспанасына бөтен біреулер таласып жүр

0
1 105

Шымкентте 81 жастағы зейнеткердің үйін иемденгісі келетіндердің қатары көбейген,-деп хабарлайды жергілікті TVK арнасы.


Шымкентте зейнеткердің баспанасына бөтен біреулер таласып жүр

фото интернеттен алынды

Шымкентте 81 жастағы зейнеткердің үйін иемденгісі келетіндердің қатары көбейген,-деп хабарлайды жергілікті TVK арнасы.

Олар бірінен соң бірі келіп, туысы мен қараушысы жоқ әжейдің сеніміне кіріп, үйді өз аттарына аударып алған. Бұған дейін бір рет соттасқан қарт, пәтерін кері қайтарып алған.

Зейнеткер бұған дейін де, бірнеше жыл бұрын өзге бір әйелдің арбауына түсіп, баспасынан айырылған. 2016 жылы Светлана Стамбровская есімді азаматша қарияның жанынан табылып, үйді сот арқылы қайтарып берген. Бірақ, кейіннен үйді өз атына рәсімдеп алған.

Баспананың құжаты да қайта-қайта жоғалып, істің мән-жайын анықтауды қиындатып отыр.

Сот залында сөз таластырған қорғаушы мен жәбірленушінің өкілі бір шешімге келе алмайтын сыңайлы. Олардың бірі, зейнеткер үйді өз еркімен берді десе, екіншісі қайтарып беруді талап етеді. Өйткені Энна Иванованың басқа барар жері жоқ. Ал оның көршілері зейнеткердің соңғы 10 жылда есте сақтау қабілеті төмендегенін айтады.