Табысы ең төмен халық - Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды

0
1 602

Қазақстан бойынша 17 өңірдің 9-ында ғана халық табысының сомасы республика бойынша орташа жалақы мөлшерінен асады.


Табысы ең төмен  халық - Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды

Түркістан облысы тұрғындарының 11 пайызының табысы күнкөріс деңгейінен төмен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда табысы ең көп Алматы қаласының тұрғындары болса, ал ең азы Түркістан облысында болып отыр.
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында халықтың қаржылай табысы 9,6%-ға артып, 175,9 мың теңгені құрады. Ескере кетсек, тиісті кезеңдегі инфляция небәрі 5,4%-ды құраған. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде ҚР халқының табысы жылына 9,7% өсіммен 160,4 мың теңгеге тең болған.
Кірістер құрылымында ең үлкен үлес еңбек қызметінен түскен табыс: 72,7% немесе 127,8 мың теңге, оның ішінде 108,7 мың теңге жалдамалы жұмыстан түскен табыс, 19 мың теңге — дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс.

Ел өңірлерінің арасында тұрғындардың табыстары ең көп ТОП-5 аймақты Алматы қаласы бастап тұрса, екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы, одан кейін Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облыстары жалғастырып отыр.

Жалпы ел бойынша 17 өңірдің 9-ында ғана халық табысының сомасы республика бойынша орташадан асады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен халықтың ең көп үлесі бар өңір — Түркістан облысы: 10,8%. Шығыс Қазақстан облысында пессимистік көрсеткіш 6,6%-ды, Жамбыл облысында — 5,3% - ды құрады.
Ал кірісі ең төмен үштіктердің көш басында Түркістан облысы тұрса, одан кейін Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындары.

дереккөз: finprom.kz