ТҮРКІСТАН: 109 бірыңғай байланыс орталығына 25 мыңға жуық өтініш түскен

0
610

Оның ішінде 24 142-сі дер кезінде орындалып, 54-і орындалу барысында.


ТҮРКІСТАН: 109 бірыңғай байланыс орталығына 25 мыңға жуық өтініш түскен

Түркістан облысындағы 109 бірыңғай байланыс орталығына 25 мыңға жуық өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл жыл басынан бері 109 Бірыңғай байланыс орталығына жалпы 24 828 өтініш түскен. Оның ішінде 24 142-сі дер кезінде орындалып, 54-і орындалу барысында. Бүгінде ең көп өтінім түскен аймақтардың ішінде Түркістан қаласы бар. Қала тұрғындары 33 мыңнан астам өтініш тастап, мәселелерінің шешімі табылған.


«109 Бірыңғай байланыс орталығына азаматтар коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, әкімдік қызметтер бойынша да сұрақтарын қойып, арыз-шағымдарын айта алады. Бұл тұрғыда байланыс орталығы жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді. Айта кетсек, байланыс орталығы 2022 жылы 18 шілде күні ресми түрде іске қосылған. Сол уақыттан бері орталыққа жалпы 436 902 өтінім түсіп, оның 421 947-сі дер кезінде орындалған. Бұдан бөлек, орталық жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ тұрғындардың сұранысы негізінде аудан-қалаларды аралап, мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысып келеді», - деді «Цифрлық даму орталығы» КММ басшысы Нұрсұлтан Қабылбек.