Спортшылар "Түркістанның руxани керуені" аясында барлық аудан тұрғындарымен жүздесті.
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен ҚМДБ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Түркістанның руxани керуені" тақырыбындағы кездесу облысымыздың барлық аудандарында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесудің басты мақсаты – өңірімізден шыққан елімізге танымал өнер жұлдыздарын, спорт шеберлері мен дін өкілдерін халықпен жүздестіріп, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзге діни ағымдардан аулақ бола отыра қазақи салт-дәстүрімізді қатаң сақтауды насихаттау болып табылады. «Түркістанның рухани керуені» деген атпен кездесу Түркістан облысының барлық дерлік аудан, қалалалырында ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Ақжүрек Таңатаров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Саят Медеуов және Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов Бекзат Сарыағаш пен Келес ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Эстрада жұлдызы Еркін Нұржанов, армрестлинг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев және Төле би ауданының бас имамы Самат Анарбаев Сайрам мен Түлкібас аудандарын аралады.
Бәйдібек пен Созақ аудандарына сапар шеккен Қазақ күресінен ҚР чемпионатының қола, күміс жүлдегері Жұманазар Ерсұлтанов, Сайрам ауданы Бәйдібек ата мешітінің имамы Арыстан Оспанов жергілікті тұрғындармен кездесіп, тағылымы мол әңгімелер айтылды. Армрестлинг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Мағжан Шамиев мен Түркістан облысының бас имамы Ақтамберді Мұсабек Мақтаарал мен Жетісай тұрғындарымен бас қосты.
Боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдабеков, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының жетекшісі Қайрат Дәрібаев Ордабасы мен Отырар ауданы тұрғындарымен жүздесті. Боксшы, Мьянмада өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов және Сайрам ауданының бас имамы Сейдахмет Темірбек Төле би мен Қазығұрт жұршылығымен кездесіп, ашық әңгіме жүргізді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов мен Түлкібас ауданының бас имамы Серік Мағаз Арыс пен Шардара аудандарына табан тіресе, Каратэ-додан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұржан Ақпанбет және Бәйдібек ауданының бас имамы Ұлықбек Алиакбарұлы Кентау қаласы жұртшылығымен бас қосып, келелі кеңес өткізді.
Елімізге танымал өнер жұлдыздары мен спорт шеберлері осылайша Түркістанның рухани керуенінің көшін бастап облысымыздың барлық аудан, қалаларын аралап шықты. Кездесу барысында жергілікті жастар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, еркін форматтағы сұхбат өрбіді. Айта кетейік, «Түркістанның рухани керуені» кездесуі ертең, 28 қараша күні Түркістан қаласы ХҚТУ мәдениет сарайында өтетін болады.