ТҮРКІСТАН: Аустралиялық әдіспен салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады

0
453

50 мың бас ірі қара малға арналған.


ТҮРКІСТАН: Аустралиялық әдіспен салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады

Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі мақсаттарының бірі – елдің тұрмысын түзеу. Осы орайда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин 50 мың бас ірі қара малға арналған Қазақстандағы ең ірі бордақылау алаңын салу орнына барды.


Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Биыл жүзеге асатын бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің аустралияда қолданылатын торда өсіру тәсілімен жүзеге асырылады.


Мұнда Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» 4 710 гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азығы дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Компания басшысы Сырым Ертаев қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен қаржы институттары тарапынан АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдіктер мен қаржыландырудың тоқтап тұрғанына байланысты құрылыс жобасын іске асыру барысы баяулағанын айтты. Сондай-ақ «Көксарай» су реттегішінен суды пайдалануға рұқсат алудың да проблемалары бар.


Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзімде инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізіп, қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар ол Су ресурстары және ирригация министрлігімен егіндік суды пайдалану мәселесін пысықтауды міндеттеді.