Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектар жерге егілген.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 128,7 млрд. теңгеге артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.
«Түркістан облысында 805,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 128,7 млрд. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектар жерге егілді. Өңірде суармалы жерді тиімді пайдалану және 252 млн. текше метр ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су қоймалары салынып жатыр. Каналдар жөндеуден өткізілуде», - деді Өмірзақ Шөкеев.