ТҮРКІСТАН: Дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген

0
1 053

Түркістан облысында 18 медициналық ұйым стационарлық көмек бойынша, 26 стационарды алмастыратын қызметтерді көрсетеді.


ТҮРКІСТАН: Дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген

Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – науқастарға көрсетілген қызмет сапасын талдап, тексеру жүргізу және науқас құқығын қорғау. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің басшысы Галима Туреханованың мәліметінше, 459 науқас медициналық көрсетілімсіз ауруханаға жатқан болса, 527 науқастың мәліметі ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілмеген. Сонымен қатар, емдеу диагностикалық шараларының стандартқа сәйкес келмеуі бойынша 1780 жағдай анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, Түркістан облысында 18 медициналық ұйым стационарлық көмек бойынша, 26 стационарды алмастыратын қызметтерді көрсетеді. Оның ішінде, 6-ауы гемодиализдік қызметтер, 21 амбулаторлық-емханалық көмек және 18 консультативтік –диагностикалық көмектерді көрсетеді. Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін стационарда 86151 науқас тәулік бойы емделген. Бұл көрсеткіш алдағы жылдарға қарағанда азайғаның көрсетті. Айта кетерлігі, емделушілердің басым бөлігін артериялық гипертензия, асқынулары бар артериялық гипертензия, асқынусыз қант диабеті, қант диабетінің асқынулары, жоғары тыныс алу жолдарының жіті респираторлық инфекциясына шалдыққан науқастар құрайды.

Әсіресі, Ордабасы, Сайрам және Жетісай аудандық ауруханаларда стационарлық көмекке жүгінген науқастар саны азайған. Сондай-ақ, бастапқы медициналық санитарлық көмек арқылы науқастарды іріктеуде Отырар, Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық орталық ауруханаларында жүйелі жұмыс жүргізілген. Есесіне, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай аудандық ауруханаларында шұғыл емдеуге жатқызылғандар саны басым болып отыр.

"Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін қызмет көрсетуші медициналық мекеменің жұмысын күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бақылап отырады. Медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына мониторинг электронды ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Ал, емханалық-амбулаторлық көмек, жедел медициналық жәрдем, әлеуметтік-медициналық көмек (туберкулез, наркология, психиатрия, ВИЧ/СПИД), патолого-анатомиялық диагностика, қан және оның құрамдас бөліктерін даярлау қызметін көрсететіндерге қызмет берушіге шығып мониторинг жүргізіледі. Мониторинг бөлімінің тексеру нәтижесінде емхана дәрігерінің жолдамасы арқылы емделушілер саны көбейген, науқастардың өз бетінше емделуі және тәуліктік стационарда медициналық көмек алушылар азайған" – дейді, Г.Туреханова.

Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды тұрақты хабарлайтын болады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі